Бразилия парламенті президентін тақтан тайдырды

/uploads/thumbnail/20170709061336429_small.jpg

Бразилия сенаты тамыздың 31-і күні ел президенті Дилма Руссефтің соңғы импичментіне дауыс берді. Бұл жайлы  BBC News хабарлайды.

Дауыс беру трансляциясы Бразильия телеарнасының тікелей эфирінде өтті. Импичмент үшін 61 сенатор дауыс берсе, оған 20 адам қарсы шықты. Руссефтің орнынан кетуі үшін импичмент тарабына 54 дауыс жинау керек болған, деп жазады Ведомости баспасы.

Сенаторлар  Руссефті ағымдағы жылдың мамыр айында орнынан уақытша алып тастаған болатын. Сейсенбі күні олар Руссеффті  орнынан толық кетуі тиіс деп шешкен, ал Бразилия президентінің уақытша міндетін 2018-ші жылғы дауыс беруге дейін вице-президент Мишел Темер атқаратын болады.

 Руссефф Эдуард Карозудің қорғаушысы  Руссефтің 2019 жылдан бастап билікте қалу құқы  жайлы бөлек дауыс беру болатынын мәлімдеген. Оның үстіне Руссефф қорғаушысы Бразилия Жоғарғы сотына екі шағым түсірмекші, -деп мәлімдейді  «РИА Жаңалықтар».

Руссефтің өзі Сенаттағы импичмент тыңдалымында өзінің кінәсіз екенін дәлелдеумен болды. Ол қызметінен шеттетілуін – қастандық нәтижесі, импичмент – мемлекеттік төңкеріс деді.

Ал Руссефтің қарсыластары болса президент импичментін тойлау үшін Сан-Паула көшелеріне шығып,  қала орталығында отшашулар атып, ұлттық әнұрандарын шырқады, - деп хабарлайды Globo телеарнасы.

Руссеф  Бразилияны   2011 жылдан бастап басқарып келеді.  Руссеф саясаты мен Жұмыскер партиясына  қарсылықтың басты себебі мемлекеттік  Petrobras мұнай компаниясы айналасында ақша жымқырды деген даудан басталған, онда бірнеше саясаткерлердің де қатысы бар, оның үстіне 2015 жылдағы ел экономикасындағы ахуал ХХ ғ. бергі – 3,8% ең ауыры жағдай болып табылған.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи