Өткен жылы облыста сотты болғандар саны 3000-ға жуық болса, биылғы көрсеткіш едәуір төмендеген. Бұл туралы Алматы облысы прокурорлары баспасөз-брифингінде мәлім етті. Айтуларынша, қазіргі уақытта оларды жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін табуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.
Мәселен, еліміздің бас прокуратурасы 2017 жылға дейін Алматы облысының түзету мекемесінде отырған азаматтардың 75 пайызын жұмыспен қамтуды тапсырған болатын. Бүгінде 700-ден астам адам еңбекке тартылды. Осылайша, көрсеткіш 50 пайызға жеткен. Дені - тігін цехтары мен наубайханаларда жұмыс істейді. Осы ретте, құзырлы мекеме қызметкерлері кәсіпкерлердің көмегімен белгіленген межеге жетуді көздейді.
ЖАНДОС ЫСҚАҚОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
Бас прокуратура мен жұмыспен қамтығандар санын 75 пайызға жеткізу мақсаты қойылып отыр. Қазір біз соның 50 пайызынан аса жұмыстар атқарылды. Бұл сандарды көтеру үшін, мемлекет үлесі аз. Сондықтан біз осы сәтті пайдалана отырып, барлық кәсіпкерлерді түзеу мекемелерінің шеберлерін жұмысқа алуға шақырамын.
Оставить комментарий