Алматы облысында "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы жүзеге асуда

/uploads/thumbnail/20170709071918115_small.PNG

Алматы облысында "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасымен 41 мыңнан астам адамды қамту межеленген болатын. 1-ші қыркүйекке жоспар 81 пайызға орындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін "Журналистер үйінде берген баспасөз брифингінде Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаныбек Айтжанов айтты. "Бағдарламаға республикалық бюджеттен 17 млрд, 950 млн теңге бөлінген. Аясында өңірдегі 265 елді мекенде 407 жоба жүзеге аспақ. 1 жарым мыңнан аса жұмыс орынын құру белгіленген. 1457 адамға шағын несие берілуі тиіс. 400-дей адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылмақ. Мұның сыртында ауылдық жерлердің инфрақұрылымын дамыту ісіне жұмыссыздарды тарту қауырт қолға алынып жатыр. Жастар тәжірибесіне  1300-ден аса түлек жіберілді. 2016 жылдың 1- қыркүйегіне облыста 17 229 жұмыс орыны құрылды.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи