«Қазақстан-2050» Демократиялық күштері Алматы облыстық коалициясының отырысы өтті

/uploads/thumbnail/20170709071932100_small.PNG

Талдықорғанда «Қазақстан-2050» Демократиялық күштері Алматы облыстық коалициясының отырысы өтті. Жиында коалиция мүшелері "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру жолдарын, "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру" кезіндегі шаралардың аймақтық жоспарларының орындалуын талқылады, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Алматы облысында "Ақпараттық Қазақстан 2020" мемлекеттік бағдарламасының жүргізілу барысы да сөз болды. Баяндамалар оқылып, "Мемлекеттік қызмет көрсету" бағыты бойынша қаулылар қабылданды. Айта кету керек, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша халыққа мемлекеттік қызметтің 730 түрі көрсетілу керек. Алайда, бүгінде 530 түрі қамтылып отыр. 

ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ - «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ. 
Бүгінгі күні алты миллиондай мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде екі миллион жергілікті атқарушы органдар атқарған болса. Ал, төрт миллионға жуығын жергілікті атқарушы органдар атқарған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи