Дәл осы қоғамдық кеңес мүшелері бүгін Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.
Басқосуда салық және кедендік әкімшілік саласына қатысты бизнес өкілдерінің пайым-пікірлері тыңдалды. Ашық диалог алаңына айналған жиында кәсіпкерлер түрлі көзқарастарын ашық айтты. Көтерілген мәселелердің көбісі салық төлеу жүйесін жетілдіруге байланысты.
Сондай ақ, жеке шаруаларындағы қиындықтарын айтып көмек сұрағандар да болды. Айтылған ойлар мен ұсыныстарды "Нұр отан" партиясының орталық аппарат қызметкерлері жазып алды. Айта кетсек, салық және кеден саласында халыққа 52 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оставить комментарий