Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ескелді ауданындағы «Нам Г.Н.» Герман Нам шаруа қожалығының қызылша алқабына барды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Өңір экономикасы саласындағы өсім серпіні, облыстың мемлекеттік қолдауының арқасында алған қаржылай және материалдық-техникалық құралдардың болуы Сіз алға қойған қант қызылшасының бұрынғы атағын қайта жаңғырту міндетін іске асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті облыс әкімі Амандық Баталов.
Егер 2015 жылы қант қызылшасын егу алаңы 3,8 мың га құраса, биыл ол 6,8 мың гектарға жетті. Жалпы жиын 240 мың тоннаны құрады.
ШҚ басшысы Герман Нам ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шаруашылығының жетістіктері жайлы айтып берді.
«Нам Г.Н» шаруа қожалығы 2002 жылы ұйымдастырылды. Шаруашылықтың басым қызметі - ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде көкөністер мен картоп өсіру.
Шаруашылықта 75 мың гектар жер бар. 2015 жылы қант қызылшасы 25 гектар, соя - 11 гектар, картоп - 30 гектар, күздік бидай - 9 гектар танапқа егілді. Бұл ретте қант қызылшасының өнімділігі гектарына 350 центнерді құрады.
Оставить комментарий