Назарбаев Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасы қызметкерлерімен кездесті

/uploads/thumbnail/20170709072426932_small.PNG

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасында болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президентіне облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аурухана қызметкерлерімен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына көрсетіліп отырған қамқорлық үшін Елбасыға алғыстарын айтты.

300 адам сиятын медициналық мекеме стационарлық, стационарды алмастыратын және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Көпсалалы аурухана жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи