Қазақстан Президентi мерекелiк салтанатқа қатысты

/uploads/thumbnail/20170709081525292_small.jpg

Iс-шараға 7 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонақтары қатысты. Жиналғандарға арнаған сөзiнде Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Алматының мыңжылдық мерекесiмен құттықтап, осы оқиғаның тарихи мәнiн атап өттi, - деп жазады Qamshy.kz "Оңтүстік Қазақстан" газетіне сілтеме жасап.

– Бұл дата ЮНЕСКО-ның Адамзаттың атаулы және мерекелiк күндерi күнтiзбесiне енген. Аталған шешiм Алматының өңiрлiк және жаһандық дамудағы бiрегей рөлiнiң айрықша екенiн көрсетедi. Алатау бөктерiндегi қастерлi өлке өз тарихында көп нәрсенi басынан өткердi. Бұл жерден алып Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстiгi мен Оңтүстiгiн жалғаған алғашқы сауда жолы және жалпы адамзаттық магистраль – Ұлы Жiбек жолы өткен. Бес жүз елу жыл бұрын Жетiсу Қазақ хандығының бесiгi болды. Бұл жерде бүкiл Орталық Азия аймағының урбанистiк мәдениетiнiң басты ошағының бiрi пайда болды, – дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Алматының ХХ ғасырдағы оқиғалар тiзбегiнде айрықша рөлге ие екенiне назар аударды.

– Қала 1929 жылы Қазақстанның кезектi астанасына айналып, кейiннен миллиондаған тұрғыны бар мегаполиске дейiн өстi. Алматыға егемен Қазақстанның алғашқы астанасы болу мәртебесi бұйырды. Сондықтан бiз бүкiл халық болып қаланың мыңжылдығын Отанымыздың Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы белесiнде мерекелеудемiз. 1995 жылы жалпы халықтық референдумда республика Конституциясы қабылданды. Осы қалада «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» конституциялық заң қабылданды. Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Нақ осы жерде жаңа елорда – Астана туралы тарихи қаулы қабылданды, – дедi Қазақстан Президентi.

Нұрсұлтан Назарбаев мегаполистiң әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi әрқашан мемлекеттiң басты назарында екенiн атап өттi.

– Былтыр қаланың 2020 жылға дейiнгi даму бағдарламасы қабылданды. Ол тұрғындардың өмiрiн, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, бизнес үшiн қолайлы жағдайлар туғызу жөнiндегi нақты шараларды қамтиды. Қазiргi Алматы – Қазақстанның батыл әрi қарқынды дамуының көрiнiсi. Соңғы 5 жылдың өзiнде қала аумағы 2 есе өстi. Тұрғындардың жалпы саны – бiр миллион жетi жүз мың адам. Алматы метрополитенi қазiрдiң өзiнде 30 миллионнан астам жолаушы тасымалдайды. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталады. Ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралiнiң бiр бөлiгi болмақ. «Инновациялық технологиялар саябағы» арнайы экономикалық аймағы құрылып дамытылуда, – дедi Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентi республикадағы барлық кәсiпкерлiк сектордағы өндiрiлетiн өнiм мен көрсетiлетiн қызметтiң төрттен бiрi тиесiлi шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң маңызды рөлiн атап өттi.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Универсиадаға дайындық халықтың көбiрек жұмыспен қамтылуына, қаланың туристiк саласының дамуына жаңа серпiн бергенiне назар аударды.

– Оның бiрегей нысандарының құрылысына 107 миллиард теңге инвестиция тартылды. Соның арқасында мың жарым шағын және орта бизнес субъектiлерi жұмыспен қамтылып, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Қысқы Универсиадаға 57 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Алматының туристiк кластерiн дамыту арқылы 90 мың қала тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етiледi, – дедi Елбасы.

Соңында Қазақстан Президентi барша қазақстандықтарды олардың сүйiктi әрi әсем де теңдессiз қаласының мыңжылдығымен тағы да құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және табыс тiледi.

Оставить комментарий

Связанные Статьи