Токио Ресейден тек екі Курил аралын ғана сұрамайды

/uploads/thumbnail/20170709081943717_small.jpg

Бұған дейін Жапонияның Ресейден оңтүстік Курил аралдарының тек екеуін ғана алғысы келетіндігі туралы ақпараттар тараған еді. Жуырда Жапонияның Сыртқы Істер министрлігі келіссөздерді бұрынғы қарқынмен жүргізетінін мәлімдеді.

Елдің Сыртқы Істер министрлігі бейбіт  келісімшартқа қол жеткізу үшін келіссөздер жалғастыратынын айтты. Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары Токионың Мәскеуден Шикотан, Хабомаи аралдарын ғана сұрағаны туралы ақпарттар жарияланған еді.  Кейбір ақпарат көздерінде Жапонияның Кунашир мен Итуруптан бас тартпаса да, еркін баруға мүдделі екендігі ал бейбіт келіссөздерден кейін ол аралдарды да алатыны айтылған болатын.

Даулы аралдар мәселесін Перудегі самитте қараша айында талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ бұл мәселе Ресей Президенті Владимира Путиннің Жапонияға желтоқсан айындағы сапары кезінде сөз болады деп күтілуде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи