Шығыстан Алматыға 40 тоннадан астам бал әкелінді

/uploads/thumbnail/20170709092446945_small.jpg

Өңіраралық ынтымақтастық аясында Алматыда Шығыс Қазақстан облысының бал жәрмеңкесі өтуде. Шығыс Қазақстаннан алматылықтарға 40 тоннадан астам түрлі бал және бал өнімдері, панты өнімінің 27 түрі әкелінді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Шығыс Қазақстан облысының балы өзінің дәмдік және емдік қасиеттері жағынан еліміздегі ең үздік бал болып табылады. Сондықтан Шевченко көшесіндегі ҚР Ғылым академиясы алдында өткен жәрмеңкеде алматылықтар санының көп болуы орынды.

Арнайы сауда нүктелерінде Өскемен қаласының, Зырян, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үржар, Аягөз, Шемонаиха, Көкпекті және Тарбағатай аудандарының экологиялық таза өнімі саудаланды. Онда бал өнімінің сан түрі мен панты өнімінің 27 түрі сатылды.

Жиналған жұртшылыққа Бал жәрмеңкесі барысында Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық ұйымдарының концертін ұсынылды. Сондай-ақ, Алматы қаласының тұрғындары 2016 жылы Шығыс Қазақстанның 5 көне ескерткішінде жүргізілген археологиялық қазбалардың жәдігерлерімен таныса алды. Көрмеде Берел қорғаны, Шілікті жазығы, Аблайкит қамал-монастірінде, Қырықүңгір мен Елеке сазында табылған артефактілер тұрғындар назарына ұсынылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи