Ұзынағашқа мал сатуға келіп, артынша өлтірілді деген ағайынды 3 азаматтың ісінен кейін мұндағы мал базардағы түрлі-түрлі оқиғалардың беті ашылып жатыр. Анықталғандай қанды оқиғаға дейін дәл осы базарда бірнеше саудагер ірі көлемдегі ақшаларынан айрылған. Тіпті бірі 4 миллион ақшасын ұрлатып алған. Ал былтыр мал сатуға келген азаматтың өлі денесі көміліп жатқан жерінен табылған көрінеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Есболат Мағаз мал саудасымен айналысқанына 3-4 жылдың жүзі болған. Қасына сенімді серіктестерін ертіп алып, осыдан екі жарым ай бұрын Ұзынағаштағы мал базарына келіп, ірі қараларын сатқан. Ал одан түскен пайданы:
ЕСБОЛАТ МАҒАЗ, Саудагер:
- Мынау есік ашық тұрады, дәл осындай болып. Сол сәтте мына жақ есіктен 1 минутқа жетер жетпес уақытта көзге ілдірмей алып кеткен ғой ақшаны.
Ұры тәжірибелі және ол жалғыз болмаған дейді Есболат.
ЕСБОЛАТ МАҒАЗ, Саудагер:
- Арт жағынан бір адам шақырады, оспақтап. Ол мал сатылып кеткен дейді біздің жігіт оған. Сөйтсе анау әй келіп дұрыстап айтшы, не деген жақсы малдар деп тағы да шақырып алған. Біздің жігіт машинадан түскен. Ал сумкадағы 4 миллион теңгені тура осы жерге қойып кеткен.
4 миллион жоғалған соң, олар бірден полиция көмегіне жүгінген. Алайда олар, мұрты майланған ұзынағаштық ұрыларды ұстауға асықпай отыр дейді.
Ұзынағаштағы мал базарына келгендер ұрлық өршіп тұр, ал бейнекамералар тек көзбояушылық үшін ғана тұр дейді.
- Бізде өткен жылы осы базарда 840 мың теңгеден айырылдық. Бас аяғы 10 минуттың ішінде.
- Бейбіт күнде азаматтарымыз, бала шағасының ырыздығы,өзінің табан еті маңдай терімен тапқан табыстары бірер минутта жоғалуы ұрылардың әбден дәндеп, ұйымдасқанын көрсетеді.
Мал мүлік былай тұрсын, мұнда адам да жоғалып, артынша өлі табылып жататын кездер болды дейді саудагерлер.
ГУЛИ ШӘМИҚЫЗЫ:
- Бірінші малыңызды аламыз деп шақырған. Ол жігіт сенген. Сенімді адамдар ғой деп барған. Мотоциклмен барған. Онан кейін машинадағы саймандарын алып ол жігітті сабаған. Ақшасын алмақшы болған. Ол жігіт сезіп, сендерге керегі ақша ма деп ақшаны көздерінше жыртып тастаған. Кейіннен ол екі азамат оны өлтіріп тастаған.
Сондықтан, сауда жасаушылар бұл жағдайды тиісті органдар қатаң назарға алса дейді.
Оставить комментарий