Павлодарлық келіншек Олеся Пушкинаның жүрегімен өмір сүріп жатқан Алматы облысының тұрғыны өзіне өмір сыйлаған жанның туғандарына алғыс айтып, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.
Видеоүндеу авторы туған қызының жүрегін өзіне берген Надежда Белая мен Олесяның артында қалған қызы Аринаға алғыс білдірді.
«Надежда, Сіздің қызыңыз Олеся қашан да менің кеудемде өмір сүреді. Сіздер маған өмір сыйладыңыздар. Мен қанша өмір сүретінімді білмеймін, бірақ, мен оны өмір бойы қастерлеп өтем. Әрқашан да қыздарыңыз тірі деп ойлаңыздар», - дейді ол.
Атын елге танытудан бас тартқан Алматы облысының тұрғынына осы жылдың ақпан айында операция жасалып, мидың геморрагиялық инсультынан көз жұмған 37 жастағы Олеся Пушкинаның жүрегі қондырылған. О. Пушкинаның артында 18 жасар қызы қалған. Операция сәтті аяқталып, ауыр науқасқа шалдыққан азамат аяққа тұрған.
Елімізде мұндай сипаттағы донорлық көмек бір бұл еместігін естеріңізге саламыз. Қыркүйек айында 20 жастағы тағы бір павлодарлық жігіттің органлары бес адамның өмірін құтқарған болатын. Скейтбордпен сырғанап жүріп, ауыр жарақат алған ол павлодарлық жігіт те ауруханада көз жұмған. Марқұмның туыстары оның ішкі органдарын мұқтаж жандарға беру жөнінде шешім қабылдаған. Сол донорлық көмектің арқасында аман қалғандардың ішінде 14 жастағы ақмолалық оқушы қыз бен 67 жастағы астаналық зейнеткер де бар.
Ауыр соққыдан көз жұмған тағы бір донор павлодарлық 32 жастағы жігіттіңде жүрегі басқа бір адамға өмір сыйлаған.
Оставить комментарий