Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен он жігіт әскер қатарына алынбаған. Арнайы комиссия олардың діни көзқарастарынан қорқып іріктеуден өткізбепті, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Радикалдардың қорғаныс саласына кіріп, іріткі салуынан қорыққан құзырлы органдар күзгі шақырылымға келгендерді жіті сүзгілеуде. Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті жастарды медициналық тексеруге шақырмастан бұрын жеке істерін тексереді екен. Егер Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер департаментінің тізіміне іліккендер болса әскерге жолатпайды. Биылдыққа он жігіт экстремистік ұстанымдары үшін, тағы бірі баптистердің уағызшысы болғандықтан әскерден шеттетілген.
Әділбек Құлтаев, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
-Әскерге шақырмастан бұрын ер азаматтарды сырттай зерттеп, жеке істерін тексереміз. Ұлттық қаупсіздік комитеті мен Ішкі істер органдарымен тығыз байланыстымыз. Арнайы тексеру кезінде тіркеуде тұрған- тұрмағаны анықталады.
Оставить комментарий