Черновицкая облысы, Кицманский ауданы, Дубовцы ауылында үйлену тойында 35 адам уланып, 20-сы ауруханаға түсті. Ал 15 адам ауруханаға жатудан бас тартқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Украин аулындағы екі тойдан кейін 35 адамның уланып қалғаны туралы республиканың Азық-түлік қауіпсіздігі туралы қызметі хабарлаған.
Тойға келген 20 кісіге тағам токсикоинфекциясы деген диагноз қойылған. Той өткен «Гранд Аристократ» мейрамханасында қазір тексеру жүргізілуде.
Бұған дейін белгілі болғандай, 27 қыркүйекте Житомир облысында болған тойда 15 кісі уланған еді.
Оставить комментарий