Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Білім және ғылым министрінің атына сауал жолдап, онда Қазақстан мектептеріне Ахмет Байтұрсынұлының әліппесін енгізуді сұрады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz – ке сілтеме жасап.
«1913 жылы Алаш ардагері Аxмет Байтұрсынұлы басып шығарған, ғасырдан астам миллиондаған жасөркенге оқу-жазуды үйреткен, қазаққа азық болып келген, тілі жеңіл, 105 жылдық тәжірибеден өткен әліппе неден жазықты болды? Ерлан Кенжеғалиұлы, осыған жауып беріңізші», - дейді депутат.
Б. Тілеухан өзге елдерді мысал ретінде келтіре отырып, министрден ресми жауап күтетінін жеткізді.
«Осының орнын басқан Сауат ашу деген бар. Сауат ашу деген орысша «ликвидация безграматности» деп аударылады. Бұл буыны қатпаған жас балаға емес, ересек адамға арналған. Словян xалықтарының «Букварі» 1618 жылы жарық көрген. Төрт ғасырға жуық тариxы бар. Заманға сай өзгертіліп, толықтырылып отырады, оның өзінде кемі бес жыл тәжірибеден өткізбей кіргізбейді. Ал біз ше? Бірінші сыныптың баласына орыс, ағылшын тілін қосып оқытып миын ашытамыз. Үштілділік қажет. Бірақ оны бірінші сыныптан бастау дұрыс емес», - дейді Б. Тілеухан.
Оставить комментарий