"Антигептил" ұйымы: Астана прокурорлары заң нормаларын бұзды

/uploads/thumbnail/20170708152611424_small.jpg
Кеше  Астанада Бәйтерек кешені маңына Еуразия экономикалық одағының құрылуына қарсылықтарын білдіріп барған ондаған белсендіні полиция ұстап әкетті. Белсендінің сөзінше, полиция ұсталғандардың фотоаппараттары мен бейнекамераларын тартып алған. Осыған байланысты, "Антигептил" қозғалысының мүшесі Мақсат Нұрыпбаевпен пікір алмасқан едік.
    - "Антигептил"  ұйымның мүшелерін  не үшін айыпталып отыр?
    -  "Антигептил" ұйымының он шақты мүшесі одақтың құрылуына қарсылық білдіріп, беттеріне маска тағып Бәйтеректің жанына барған кезде полиция ұстап әкеткен. Ол полиция өздерін Есіл аудандық ішкі істер басқармасына апарды. Бүгін екінші  күн. Олармен  хабарласа алмай  отырмыз. Рұқсат  жоқ себебі.  Олармен шыққанға дейін хабарласа алмаймыз.  Мен кеше 8 сағат Есіл аудандық ішкі істер бөлімінде отырдым. Он жігітіміз әлі қамауда отыр. Он жігітіміздің біреуі ертең шығады, қалғаны арғы күні. 
    -  Оларға қандай айып тағылған айып тағылды? 
    - Айып тағып, қамап қойған жоқ па?  ҚР Әкімшілік кодексітінің 330 бабының бірінші бармағы бойынша 1адам 3 күнге, 9 адам 4 күнге қамалды ғой. 3 күнге қамалғаны ертең шығады.  
      -   Заңгер ретінде  ұсталғандарға  тағылған айып қаншалықты  әділ деп  ойлайсыз?
      -  Астана қаласының прокурорлары өздері заң нормаларын бұзды. Негізінде адамды қылмысы болмаса 3 сағаттан артық ұстамауы тиіс. Ал астаналықтардың басым бөлігі 4сағат, ал мен 8 сағат отырдым. Неге үш сағаттан соң жібермейсіңдер десем, сіз прокурордың екі ескертуін орындамай алаңға шықтыңыз. Қазір жіберсек, Бәйтерекке тағы барып аласыз ғой дейді.
      - Қазақстан бойынша тек Астанадан басқа қай жерлерде өтті?
     -  Алматыда ондаған адам ұсталды. Астанада жүзге жуық бейбіт тұрғын жиналды.
Сұхбатыңызға  рақмет!

Связанные Статьи