Олимпияда чемпионының допинг дауына қалғаны барлығына ауыр соққы болып тигенін айтты Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков. «Мен оның Бейжіңдегі өнерін тамашаладым, олимпиадалық рекорд жасағанын Лондонға барып көрдім. Адам ретінде, спортқа жауапты министрліктің қызметкері ретінде өте ауыр. Министр Мұхамедиұлына да ауыр соққы болып отыр», - деді вице-министр. Мұндай пікірді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков білдірген. Оның айтуынша Илья Ильиннің ағзасына тыйым салынған препараттар споршыларға арналған тағамдардан және тағам қоспаларынан түсуі мүмкін.
Айта кетер болсақ, аталған жайттың министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатты соққып болып тиетін жөні бар. 2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматыда Ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Әнұран шырқалып тұрған кезiнде Ильинге телефон тасып күлкіге қалған еді. Кейін оны зілтеміршінің жеңісіне қатты қуанғанымен түсіндірген болатын.
«Сіздерді Илья Ильин барынша толғандырып отыр. Бірақ, бізде допингтен зардап шеккен спортшылар көп. Олар допингтің болғандығын айтқан емес. Өздеріңіз де білетіндей, 2008 жылы көптеген спортшы зардап шекті. Сол жылы сынама тапсырғаннан кейін біздің спортшылар таза болған еді. Лондонда да тапсырған сынамалары таза болды. Бірақ, 2013 жылы қандағы, спортшының ағзасындағы тыйым салынған препараттарды анықтаудың жаңа әдістемесі шықты. Өкінішке орай, қалай түскенін білмеймін. Дегенмен, спортшыларға арналған тағамдар мен тағам қоспаларына күдігім бар. Сол уақытта анықтай алмаған еді. Алайда, жаңа технология, зерттеудің жаңа әдістемесі бұл препараттардың спортшыларда бар екендігін көрсетіп отыр», - деген Мұсайбеков БАҚ өкілдерінің сауалына.