Жылда отыз миллион адам келбетін өзгертеді. Қазақстан да әлемдік стандарттан қалыспай келеді. Оған, елдегі пластикалық хирургтарға деген сұраныстың жыл сайын 20-25% өсіп отыратыны дәлел. Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар жылда сырт келбетіне миллион доллар жұмсайды.
Эстетикалық медицина біздің заманымызға дейін мың жыл бұрын пайда болған. Оған Мысырда табылған перғауынның денесіндегі пластикалық отаның іздері дәлел. Б.з.д мың жыл бұрын өмір сүрген перғауынның сол аяғындағы саусақтары тері мен ағаштан жасалынған екен. Ал Үндістанда 800 жылдары мұрынға ота жасаған. Мұндай мысалдар жетіп артылады. Бұл адамдардың әдемілікке деген құштарлығының көрсеткіші. Әр ғасырдың өз сұлулық стандарттары болған. Алайда, туарег ұрпағының өкілдері әр уақытта нәзік жандылардың толық болғанын дұрыс санайды. Қыз отырғанда, ішіндегі қатпар саны он екіге жетпесе, ол көрікті адамдардың қатарына жатпаған. Қазақстандықтар туарег ұрпағы емес, сондықтан бізде қыпша белді қыздар сәнде. Дегенмен, барлығы бірдей бота көз, алма мойын, қыр мұрын, қиғаш қас, шие ерінді бола бермейді. Бірақ, бұл олқылықтың орнын қомақты қаржымен толтыруға болады. Құдай берген келбетіңізге көңіліңіз толмаса, орташа есеппен 9000 долларға жуық қаражатыңызды дайындай беріңіз.
Келбетіңізді өзгерту үшін орташа есеппен қанша қаражат қажет екенін білу мақсатында Алматыдағы бірқатар белді эстетикалық медицина орталықтарына хабарласып, бағасын білген болатынбыз. Нәтижесі мынадай:
Шашты кератинді түзеулеу – 30 000 тг.
Қас татуажы – 30 000 тг.
«Кең көзқарас» (қабақты еуропизациялау) – 100 000 тг.
Кірпік өсіру – 10 000 тг.
Кірпік ламинациясы – 30 000 тг.
Құлақтың пішінін өзгерту – 100 000 тг.
Мұрынның пішінін өзгерту – 400 000 тг.
Ерінді үлкейту – 400 000 тг.
Бетті тарту – 1 миллион 700 000 тг.
Жалпы сома: 2 миллион 800 000 тг.
Авторы: Әсем Әлмұханбет
Оставить комментарий