«Facebook» қолданушылары Тінікеевті жазалауды сұрады

/uploads/thumbnail/20170709190705954_small.jpg

Әлия Садырбаева есімді «Facebook» қолданушысы өз парақшасында халық қалаулыларының іс-әрекетін сынға алып, оларды заң тұрғысында жазалауға шақырды. Оның жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті.

 «Мұны жазықсық қалдырмау керек! Бұл әдеттегі іске айналып барады...

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан видеоның басты қаһарманы - халық қызметшісі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Мұхтар Тінікеев.

Бұдан бұрын ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Светлана Романовская кәсіпкерге «демалысын бұзғаны үшін» қоқан-лоқы көрсеткен.

Мен депутаттардың іс-әрекетінен шошынғандардың бірімін. Бұл адамдар Қазақстанда заң қабылдайды. Олар бізді өмір сүруге үйретеді. Жоғары мінберлерден адамгершілік, ұят, ар, руханият туралы айтады.  Ал аудио, бейне жазбалардан олардың шынайы өмірде, бұзақылық қылықтарға бейім, әдепсіз, екі жүзді, тәрбиесіз адамдар екенін байқаймыз.

Республикалық арналардың бірі фэйк бағдарламаны эфирге шығара отырып, біздің ақымақтығымызбен, алаңғасарлығымызға сенген секілді. Ал ойына алғандары іске аспай, адамдар наразылығын білдіріп, оларды күлкіге айналдырғанда барлығын ҚАЛЖЫҢ деуден басқа ештеңке ойлап таба алмады. Бұл қалжыңдарымен олар Қазақстанды ұятқа қалдырғанын ойламады.

Дәл сол сияқты біздің депутат, халықтың қызметшісі М.Тінікеевте көп бас қатырмай журналистердің бейнеге қатысты пікірін білу үшін хабарласқанда, барлығы 2 жыл бұрыңғы ҚАЛЖЫҢ деген еді. Бірақ ол 2 жыл бұрын да Парламент депутаты болды ғой! Жақында tengrinews.kz видеоның 17.12.2016 жылы түсірілуі мүмкін екенін оқыдым. Яғни, Тінікеев мырза тек қалжыңбас қана емес, өтірікші де болып тұр ма?

Егер Партия басшылығы аталмыш оқиғаны елемесе өте өкінішті болар еді. Сондықтан мен Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлына өтініш айтқым келеді.

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Мен қоғам қайраткері, көп балалы ана ретінде Сізден депутат Тінікеевке қатысты шара қолдануыңызды сұраймын. Себебі мұндай адамдар өз қылықтарымен тек өзін ғана емес, Парламент пен Партияны ұятқа қалдырады! Қажетті шараларды қолданасыз деген үміттемін. Себебі «Нұр Отан» партиясының депутаты болу құрметіне тек шыншыл әрі әділ адам ғана лайықты».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи