Жоғалып кеткен бір табын жылқының иесі Сергей Кащенко жылқыларының қайда екенін көрген-білгендер болса сүйіншісіне 1 миллион теңге беруге уәде етті деп жазады alau.kz.
«Жылқының қайда екенін хабарлаған адамға сыйақысы дайын. Жылқыларымның қайда жасырылғанын айтқан адамға миллион теңге беруге дайынмын», – дейді Сергей Кащенко.
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында 90 бас қылқұйрық ізім-ғайым жоғалып кетті.
«Полицияға арыздандық. Жылқыларда «К» және «12» деген таңба басылған. Іздемеген жерім жоқ, Қорған облысына дейін іздеп келдім. Ұшты-күйлі жоғалды», – дейді мал иесі Сергей Кащенко. Оған келтірілген жалпы шығын 20 миллион теңгеге бағаланып отыр
Оставить комментарий