Корейлер құлша жұмсаған қазақ қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170709190735109_small.jpg

Қазақстан дипломаттары кореялық жұмыс берушіні сол елде қайтыс болған отандасымыздың туыстарына өтемақы төлеуге мәжбүр етті деп хабарлайды 24.kz.

Қаражат жақын арада Алматыда тұрған марқұмның отбасының шотына аударылады. Сондай-ақ Сеулдегі Қазақстан елшілігі жұмыс берушінің заңсыз еңбек еткен қызметкерге өтемақы төлеуі өте сирек болатын жағдай екендігінен хабардар етті.

 Қазақстан азаматы Кеңес Шүкірбаев Сеулден 120 шақырым жерде орналасқан Сосан қаласында жұмыс істеген. Ол Кореяға бір айға саяхаттап келіп, кейін жұмыс істеуге қалған екен. Мына сурет Кеңестің қайтыс болған күні түсіріліпті. Ол жалғыз тұрған. Достарының айтуынша, марқұм шетелде жұмыс істеген 4 айдың ішінде жиырма келіге арықтаған. Ақшасын үнемдеп, Алматыдағы отбасына көбірек жіберіп отырған. Аяқасты өлімге жарытып тамақ ішпеуі де себеп болуы мүмкін. Оның үстіне Кореяның жазы да ыстық.

Шүкірбаева Мейрамкүл, Кеңес Шүкірбаевтың жесірі «Қасымызда жүрсе, мүмкін басқаша болар ма еді?! Ол жерге барғаннан кейін сағыныш болды ма?! Әйтеуір жүрегі бірден тоқтады.

Ержан Амуртаев, ҚР елшілігінің Корея Республикасындағы бірінші хатшысы: «Қазақстан елшілігінің ресми шаралары, соның ішінде Корея полициясынан, денсаулық сақтау органдарынан алынған құжаттар негізінде азаматымыздың өліміне денсаулығының нашарлауы себеп болғаны анықталды. Ауыр жағдайда жұмыс істегеннен оның жүрегі қиындықты көтере алмаған. Кореяда жұмыстың лас, қауіпті және ауыр түрі бар. Әдетте Корея Республикасының азаматтары мұндай жұмыстардың бірін де істемейді».

Кеңес құрылыста жүріп жүргізуші де болды. Тас та қалады. Жүк те тасыды. Түскі үзілісте өзін жайсыз сезініп, достары жедел жәрдем шақырған, бірақ дәрігерлер көмектесе алмады. Жұмыс беруші Кеңестің мәйітін Алматыға жіберу шығындарын өз мойнына алып, отбасына төлемақы өтеуге келісті.

Чонг Сынг Кю, құрылыс компанияның басшысы: «Мен көмектесуге бірден келістім, себебі менің де әкем шетелде жұмыс істеп жүріп қайтыс болған. Сол жақта оның мәйітін өртеп, бізге тек күлін әкеліп берді. Бұл оқиға бала кезімнен есте қалды. Сондықтан туыстар онымен ойдағыдай қоштасқанын қалап, азғантай ақша жібердім, себебі отбасы асыраушысынан айырылды ғой».

 Шүкірбаева Мейрамкүл, Кеңес Шүкірбаевтың жесірі: «Ұшаққа ұшқаның өзі 3,5 мың доллар деді. Бальзамдауы 7 мың деп айтты. 35-40 мың кетті деп ойлаймыз».

Кеңес Шүкірбаевтың артында 3 баласы мен 2 немересі қалды.

Мейрамкүл осы ауыр қазадан кейін тума-туыс, жақындарын шетелге жібергісі жоқ.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи