Бішкекте екі қызды үйдің жертөлесінде күштеп ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деп хабарлайды kloop.kg. Ол бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандар соңғы кездері жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу бойынша оқиғалар жиілеп кеткенін айтады. Полицияның мәліметінше, қыздардың жасы 16 және 18-де.
Қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 38 жасар әйелдің бес жасар баласы барын ескеріп оған қарайтын адам болмағаннан кейін үй қамақта отыр. Әйелдің басқа да қылмыстық істерге қатысы бар, жоғы тексеріліп жатыр.
Қыздарды «Арча-Бешиктегі» жаңа салынған үйлердің біріндегі жертөледе ұстаған. Кәмелет жасқа толмаған қызды ата-анасы алып кетті. Айыпталып отырған әйел бұрын өзі де жезөкшелікпен айналысқан екен.
Қырғызстанда қыздарды түрлі жолдармен қақпанға түсіреді. Олардың арасында жалғызбасты аналар, алданған әйелдер де бар. Кейбірін мәжбүрлейді. Енді бірі оқуға ақша тапқысы келеді.
Мамандар, 10-15 жыл бұрын жезөкшелікпен айналысқан әйелдер енді жас қыздарды интимді қызмет көрсетуге тартатынын айтады. Ресми емес ақпаратқа сәйкес жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің саны 10 есеге өскен.
«Сезім» атты дағдарыс орталығы құлдыққа түскен әйелдермен, алаяқтардың құрбандарымен және жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйелдермен жұмыс істейді. Орталықты құрған Бубусара Рыскулова, аталмыш саламен туыс қыздарын айналысуға мәжбүрлейтін кездер де болғанын айтады.
Бішкек қаласының ІІБ мәліметінше 173 сутенер мен 3124 интимді қызмет көрсететіндер тіркеуде тұр.
«Әр тексерістен кейін біз қыздарды басқармаға алып келіп, саусақтарының ізін алып, фотоға түсіреміз» дейді ІІБ қызметкерлері.
Статистикалық мәліметке сай, ВИЧ-тің 30% интимдік қызмет көрсететін адамдар таратады екен.
Оставить комментарий