Тараздық кәсіпкер және құрылыс компаниясының директоры Ерлан Сағи Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа, сонымен қатар бас прокурор Асанов Жақыповқа, Жоғарғы сот орынбасары Қайрат Мәми сынды жоғарғы билік өкілдеріне бағытталған видео жолдап, өзінің наразылығын білдірді.
Өз сөзінде кәсіпкерге қарсы еш дәйексіз қылмыстық іс қозғалғандығын, және де сот үкімі оны жеті жыл бас бостандығынан айрау жайлы үкім шығарғандығын жайлы шағымын айтып отыр. Ал, кәсіпкердің заңды тұрғыдан қойылған сұрақтарын сот жауапсыз қалдырған.
Видеоны әлеуметтік желілерде таратқан. Өз сөзінің соңында кәсіпкер "Әділдікке қол жеткізе алмасам, менің де өзімді өртеуден басқа шарам жоқ", - деп ашық түрде мәлімдеді.
Оставить комментарий