Әлемде 16 миллионнан астам адам босқын болып есептеледі. Олардың жартысынан көбі балалар. Оның 6 миллионы кіші және орта мектеп жасындағылар. Босқын балалардың тек 22% орта білім алып жатыр деп жазады euronews.com.
Кениядағы босқындарға арналған Какума лагері әлемдегі ең ірілерінің бірі. Лагерде 162 мыңнан аса адам бар. Онда келгендердің көбі Оңтүстік Судан және Сомалиден келгендер. Сонымен қатар, әлем бойынша аталмыш лагерде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың ең көп бөлігі тұрады. 14 мың кәмелетке толмағандар туыстарымен немесе өз бетінше келген.
Какумда олар қажетті қамқорлықты көріп отыр. Олар оқуда артта қалып қойғандықтан, әлемдік лютерандық федерация жылдам оқыту бағдарламасымен оқытып жатыр. Какум лагерінде 21 бастауыш және 5 орта мектеп аты аталған ұйымның қамқорлығында. Бағдарламаны гуманитарлы көмек бойынша Еуропалық Бюро Комиссиясы қаржыландырады.
Әр бастауыш сыныптарында 140 баладан оқиды. Кения бойынша оқушылар саны орташа есеппен 40-тан аспайды. Осыған қарамастан оқу үлгерімі мұнда өте жоғары. 96% қатысушы сынақтан сүрінбей өтеді. Алайда бұл жердің өз қиындықтары бар.
«Қазір бастауыш сыныптардағы оқушылардың үлесі барлық балалардың 76% құрады. Негізінде олардың жасы оқып жатқан сыныптарына сай емес» деп түсіндіреді Әлемдік лютерандық федерацияның білім бағдарламасы басшысы Коллинз Оньянго.
18 жасар Гаткуот есімді жеткіншек соғыста әкесін жоғалтып алғанна кейін Оңтүстік Суданнан лагерге келген. Гуткуот 6-шы сынып оқушысы. Онда 11 жасар балалар оқиды. Алайда Гуткуот сыныбындағы ең үлкені емес. Сыныптастарының арасында 45 жасар оқушы да бар.
«Маған өте қиын болды. Анам 2000 жылы қайтыс болды. Әкем дұрыс жұмыс таба алмады. 7 жыл бойы мектепке бара алмай үйде отырдым. Енді оқып жатырмын. Мен әлем турасында барлығын білгім келеді» дейді Гаткуот.
Еuronews журналисті Моника Пинна бастауыш мектептерде үлкендер аз емес екенін және көбі оқу жылының 5, 6, 7 жылын соғыс салдарынан жоғалтып алды.
«Расымен де көбі оқу жылын жоғалтып алды. Бірақ біз оларға бейімделген білім бағдарламасын ұсынуға тырысамыз. Яғни базалық 8 жылдық білімді олар 4 жылда оқиды. Жеделдетілген оқу жүйесі арқылы өз уақытында оқи алмағанын меңгеруге көмегін тигізеді» дейді гуманитарлы көмек көрсететін Еуропалық Бюро Комиссиясының жұмысшысы Жан-Марк Жуино.
Лагердің жас тұрғындары мұнда жақсы қамқорлық пен қолдау көріп отыр. Гаткуотты өзі шыққан Оңтүстік Судан тайпасының отбасы асырап алды.
Лагерге келгенге дейін бұл жасөспірім өз көзімен қарулы қақтығысты, өлім және соғысты көрді. Ол ауыр психологиялық жарақат алып, кекештеніп қалды. Лагер жұмысшылары қанша тырысқанымен Гаткуотта мен оның жаңа отбасы үшін жағдай қиын қалпында қалып отыр. Мұны асырап алған анасы Дэбора Наянюон да растады.
«Баланың отбасымыздағы өмірі оңай емес. Оны және өз балаларымды қажеттімен қамтамасыз ету қиынға соғуда. Бәлкім оны психологиялық жарақатын жазу үшін мектеп-интернатына орналастыру керек шығар» дейді ол.
Таң ертең біз жергілікті мектеп-интернатын көру үшін лагердің басқа бөлігіне барамыз. Бұл ерекше жер. Себебі ол қауіпті топтағы қыздарға арналған. Актриса Анджелина Джолиден қаржылық қолдау көріп отырған бастауыш сынып оқушылары мемлекеттік эмтихандарда жақсы көрсеткіштерімен ерекшеленіп үлгерді.
Оқу бұл қыздарға бұған дейін бастан өткергенін ұмытуға көмектеседі. 250 оқушының бірі Оңтүстік Суданның тумасы 15 жасар Роуз Хитимана. Лагерге оны күштеп алып келген.
«Менімен көрші тұрған ер адам мені ұрлап әкетіп, Какумуға алып келді. Мен одан мектеп туралы сұрадым. Оқығым келетінін айттым. Ол мені мұнда оқу үшін емес, әйелдікке алып келгенін айтты» дейді Роуз.
Қыздың бақытына орай күйеуге шықпады. Қаскүнем ұсталды. Ал Роуз лагерде қалды. Енді ол өзін қорғансыз сезініп, басқа құрбылары секілді мектепке бара алады.
«Білім менің алдағы өмірімде көп көмегін тигізеді. Бойжеткенде жалғыз қалатынымды білемін. Оқу болашақ балаларымды тәрбиелеуге көмектеседі. Мен ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білгім келеді» дейді Роуз.
Лагерде білім алып жатқан әрбір оқушының тағдыры қиындыққа толы. Болашаққа дұрыс жоспар құрып, жаңа мүмкіндіктер ашуға оқу көмектеседі. Болжаммен 3 жылдан кейін бұл жеделдетілген бағдарлама бойынша мектеп оқушылары жоғары лілім алуға талпынып көре алады. Лагер ұйымдастырушылары күрделі тапсырмаларды жүзеге асыру қажет болады. Олар – жаңа мектептің құрылысына қаржы табу, орта мектепке қолжетімділігі бар адамдардың жалақысын көтеру.