Голливудтық жұлдыздар Трампқа қарсы шығып, хиджаб киді

/uploads/thumbnail/20170709195804760_small.jpg

«Азаматтық құқықтан айыру қаупі төніп тұрған мұсылман әйелдерді» қолдау мақсатында голливудтық актриса Кэти Наджими Дональд Трамптың инаугурациясы күні әйелдерді хиджаб киюге шақырды. Бұл туралы life.ru хабарлайды. Трамптың ұлықтау рәсіміне қарсы Вашингтонда сенбі күніне ұйымдастырылып отырған акцияда 100 мың қатысушы жиналады деп күтіліп отыр.

–Мен хиджабтағы әйелді көріп, оны қолдайтынымды қалай жеткізсем болады деп ойландым. Бұл ретте оны ұялдырып, ыңғайсыздық тудырмауым керек деп шештім, –деді 59 жастағы голливудтық актриса. – Сосын инаугурация күні біз хиджаб киіп шықсақ деген ой келді.

Наджими бұл акцияның тағы бір мақсаты – дін бостандығына қолдау көрсету екенін де алға тартты. – Біз азаматтық құқықтарына қауіп төніп тұрған мұсылман әйелдермен бірге тілектес екенімізді көрсеткіміз келді.

Нью-Йорктың орталығында күндіз голливудтық жұлдыздар бастаған Трампқа қарсы шеру ұйымдастырылды. Олар оның нәсілдік кемсітушлік пен діни есептеспеушілігін сынға алды.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті бұған дейін антимұсылмандыққа қатысты бірнеше мәлімдеме жасаған болатын.

 

Связанные Статьи