Мас күйінде тұрғын үй арасында дәрет сындырып, мас күйінде жерде жатып көлік қозғалысына кедергі келтірген полицей қызметінен босатылды деп хабарлайды Бөрлі аудандық ІІБ жол-патрульдік полициясының баспасөз қызметі. "Қызметтік тексеру нәтижесінде Бөрлі аудандық ІІБ жол-патрульдік полициясының қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан қуылды. Ол қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін, ішкі істер органдарының атына кір келтіргені үшін және мемлекетік қызметкерлердің этикалық кодексін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген Ішкі істер департаменті таратқан хабарламада. |
Сонымен қатар, Бөрлі аудандық ІІБ-нің басшылары мен облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшылары тәртіптік жауапқа тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Ақсай қаласындағы балабақшаның алдында ішімдікке сылқыя тойып алған полицей дәрет сындырып тұрған жерінен белгісіз біреулер камераға түсіріп, ғаламторға жариялаған. Одан кейін дәл сол полицейдің мас күйінде жол ортасында ұйықтап жатқанын тағы бір адам камераға түсіріп, ғаламторға шығарған.
Оставить комментарий