Бір отбасыны қырып салған өзбек азаматының жақындары аппеляциялық сотқа шағым түсірген

/uploads/thumbnail/20170709203940861_small.jpeg

Алматы қаласында бүтіндей бір отбасыны қырып кеткен өзбек азаматы мен оның сыбайластарына қатысты іске соңғы нүкте қойылды деп хабарлайды 31 арна. Аппеляциялық сотқа шағым түсірген сотталушылардың жақындары негізінде қайта қаралған сот үкімі аудандық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Қаскөйлер Алматылық Ержан Сатыбалдының 3 және 7 жастағы екі бүлдіршінін, аяғы ауыр жан-жарын және бауыры Ермұратты қатігездікпен өлтіріп кеткен. Қабырғасы қайысқан әкеге жақындары жанын жұбатар сөз таппай, қабырғалы қайысып отырғанына бүгінде 8 ай болған. 

Бірінші өткен соттың шешімі бойынша қаскөйлер өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда қылмыскерлердің жақындары соттың мұндай шешімімен келіспей, аппеляциялық сотқа шағым түсірген. Дегенмен Бостандық ауданында өткен сот отырысы шешімді өзгертпей, сол қалпында қалдырды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи