Бұл туралы кеңейтілген Үкімет отырысында ҚР Инвестиция мен даму министрі Жеңіс Қасымбеков мәлімдеді деп хабарлайды kursiv.kz. .
Жеңіс Қасымбековтың сөзінше транспорт саласындағы физикалық өлшем 103,8% құрады. Ал Қазақстанның логистикасының тиімділігін сарапқа салатын халықаралық рейтингте еліміз 88-ші орыннан 77-ші орынға көтерілді. Осылайша ТМД елдерінің арасында ең үздігі атанды.
«Еуропа Одағы елдеріне ұшуға барлық шектеулер алынып тасталды. Астана қаласында ЭКСПО-2017-ге келетін туристерге қызмет көрсететін әуе рейстерін көбейтетін «Ашық аспан» жобасын іске асыру жоспарда бар» деді министр.
ҚР Инвестиция мен даму министрлігінің мәліметінше, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында республикалық маңызы бар 913 шақырым жол ашық. Бұл жоспарларды іске асыруға 75 мың адам тартылады. Осы жылы 4,4 мың шақырым жерде жұмыстар атқарылады. Оған 100 мың жұмыс күшін тарту жоспарда бар.
Министрдің сөзінше жылдың аяғына дейін 600 шақырым жер ашық болады. 2020 жылға қарай 6 мың жолды ақылы қылу жоспарда бар. Оның 700 шақырымы 2017 жылы бітеді.
Оставить комментарий