8 қабаттан құлап кеткен қызды ер адам қағып, құтқарып алды

/uploads/thumbnail/20170709204514661_small.jpg

Қызды қағып алған Екатеринбург тұрғыны өзін ерлік істедім ден санамайды және ешқандай марапаттау күтпейді.

58 жастағы тұрғын Александр Продовиков сегізінші қабаттан құлап кеткен төрт жасар қыз Варяны қалай құтқарып алғанын айтып берді. Александрдың сөзінше, ол аулада серуендеп жүріп, кішкентай қыздың айқайлаған даусын естиді.

– Қарасам, ол балконның гүл қоятын тұтқасынан ұстап, айқайлап тұр, – деді Александр. – Көрші үйден екі жігіт кетіп бара жатты, мен оларды шақыртып, балконның астына тұра қалдық.

Соңында шыдай алмай қолын жіберіп қалып еді, қыз төмен қарай ұшып түсті.

– Мен оң қолыммен оны қағып алып, кеудеммен жерге қарай домалай түстім. Оң қолымның барлық саусақтарын сындырып алдым, енді гипсте жүрмін.

Келіп жеткен дәрігерлер қызды дереу ауруханаға жеткізді.

– Баланың оң иығы сынған, бел бұлшық еттері мен бас сүйегіне зақым келген, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, бірнеше күннен кейін оны үйіне жібереміз, – дейді хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары Игорь Огарков.

– Мен қарапайым адаммын, 58 жастамын, не істеу керек болса, соны ғана істедім, – деді жай ғана Александр Продовиков.

Связанные Статьи