2017 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы қанша болады?

/uploads/thumbnail/20170709204518433_small.jpg

Қазақстанда зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерінің жыл сайынғы артуы дәстүрлі үрдіске айналды.

Жаңа жылдан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көптеген қазақстандықтар зейнетақының 20%-ға артуын күткен болатын. 2017 жылғы зейнетақы төлеміндегі жаңашылдықтар туралы Рrimeminister.kz сайтына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді.

Тұрақты түрде арттыру

Еске салсақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметіне 2017 жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға арттыруды, сондай-ақ 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20%-ға ұлғайтуды тапсырған болатын. Бұл арттыру жалпы 2 млн 100 мың қазақстандықты қамтитынын айта кеткен жөн.

Зейнетақыны арттыру жайлы айта отырып, әлемдік экономикадағы дағдарыс құбылыстарына қарамастан Қазақстан әлеуметтік төлемдерін, оның ішінде зейнетақы мөлшерін арттыру бойынша әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда.

Зейнетақы уақтылы төленеді. Оның мөлшері, жұмыс істейтін халықтың жалақысына қарағанда, тұрақты түрде жыл сайын, оған қоса инфляция деңгейінен 2% алға кетумен артып келеді, бұл 2014 жылы қабылданған 2030 жылға дейін Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес келеді.

Әр жарты жыл сайын арттыру

Зейнетақыны арттыру бойынша жұмыс жоспарлы түрде, сәйкесінше бюджеттің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіліп келе жатқанын айта кеткен жөн.

Сонымен, ынтымақты және базалық зейнетақы төлеміне шығын 2016 жылы 1,3 трлн теңгеден астамды құрады, ағымдағы жылы олар 1,5 трлн теңгеден астамды құрайды.

«Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 7%-ға артты, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тағы 13%-ға артады. Жалпы алғанда бұл оның 2016 жылға қатынасы бойынша 20%-ға дейінгі өсімін қамтамасыз етеді», - деді С.Жақыпова.

Осылайша, 2016 жылы базалық зейнетақы мөлшері 11 965 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, 7% артуды есепке алғанда, оның мөлшері 12 802 теңгеге тең болды, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 13%-ға артуды есепке алғанда 14 466 теңгені құрайды.

Вице-министр түсіндіргендей, зейнетақы мөлшерін 20%-ға дейін арттыруды есепке алғанда, базалық зейнетақыны есепке алғанда зейнетақының орташа мөлшері 2016 жылғы 55 117 теңгеден 66 676 теңгеге дейін, ең аз мөлшері 2016 жылғы 37 789 теңгеден 45 711 теңгеге дейін артады.

 

 

Связанные Статьи