Бензин бағасының неліктен өскені белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709204735470_small.jpg

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының неліктен қымбаттағанын  түсіндіріп берді.

"Жанармай бағасы өсуінің бір себебі -  екі апта бұрын импортты бензин сатып алынған уақытта теңгенің рубльге шаққандағы бағамының өзгеруі. Сәйкесінше ресейлік жанармай қымбаттады. Өткен жылдан бастап теңге бағамы рубльге шаққанда 20% әлсіреді. Сәйкесінше рубльмен алғанда қымбатқа түспейді. Алайда, теңгеге аударғанда бағасы өсетіні анық" деді Бозымбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанда мұнай тапшылығы болмайтыны және мұнай өңдеу зауыттардың жұмыс істеп тұрғанын айтты.

 

Связанные Статьи