Amnesty International Халықаралық құқыққорғау ұйымы сириялық әскери түрмедегі азаптаулар туралы ақпарат жариялады деп жазады bbc.com.
Құқыққорғаушылардың мәліметіне сай, 2011 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін 5000-нан 13 000-ға дейін жазасын өтеушілер Сайедная түрмесінде азапталған.
«Мұндай ірі көлемдегі азаптаулар жоғары лауазымды адамдардың тарапынан қарсылыққа ие болмағына өте таң қаларлық жағдай» дейді баяндама авторлары.
Amnesty International Сайеднаядағы әскери түрмедегі құқық бұзушылықтар жөнінде ақпарат жинап, зерттеді. Зерттеу барысында олар аталмыш түрмеде жазасын өтеген, бұрын түрмеде жұмыс істеген қызметкерлер, күзетшілермен, бұрынғы сириялық сотпен және әскери госпитальда жұмыс істеген дәрігерлермен сұхбаттасқан. Сонымен қатар, 17 халықаралық және сириялық сарапшылармен сөйлесті.

Құқыққорғаушылар соттан тыс азаптаулар мен қырып-жою әдістерін халықаралық тәуелсіз сараптама жүргізуді ұсынып отыр.
«Соттау, азаптау және өлім»
Сайедная түрмесінде жазасын өтеушілерді ұстайтын екі орталық бар. Оған 10 000-нан 20 000 адамға дейін сияды.
Қызыл корпуста көбіне Сириядағы шиеленістің басталған уақытында тұтқындалғандар отырады. Ал ақ корпуста сириялық армияның офицерлері мен солдаттары жазасын өтейді.
«Қызыл корпустағылар құпия соттан тыс азаптаулар кезінде жаппай дарға асу арқылы өлтірілген» делінген баяндамады.
Сот бір минут немесе үш минутқа созылған. Содан кейін бірден өлім жазасына кескен.
Сайедная немесе басқа да мемлекеттік түрмеге үкіметпен келіспейтін азаматтар түседі. Оның ішінде журналистер, саясаткерлер, құқыққорғаушылар, дәрігерлер т.б. бар.
«Өлім жазасы Сирияның муфтияпен немесе қорғаныс министрлігімен және Мемлекеттік бас штабтың басшысымен келісіледі. Олар Сирия президенті Башар Асадтың атынан әрекет ете алатындар» делінген құқыққорғаушылардың баяндамасында.
Сирия билігі Amnesty International-ға елге кіруге тыйым салды. Сондықтан сұхбатты телефон арқылы немесе Түркия елінде алған. Баяндама үшін 84 куәгермен сөйлескен.
Куәгерлердің айтқаны
Сайедная түрмесінің бұрынғы жазасын өтеушілердің ешқайсысы өлім жазасынан немесе азаптан құтыла алмаған.
Сайедная түрмесінде өлім жазасына кесілгендерді әдетте түстен кейін Сирияның басқа азаматтық түрмесіне ауыстырамыз деп айтып алып кетеді екен. Одан кейін жертөледегі камераға апарып түннің ортасына дейін азаптап, ұрады.
Мәселен, бұрынғы түрме күзетшісі құқыққорғаушыларға мынаны айтып берген.
«Біз жазасын өтеушінің есімін атаймыз, олар футболкаларымен бетін жабады...Біз оларды бір қатарға тұрғызамыз да, олар бір-бірінен ұстап төмендегі камераға барады. Оларға отыруға тыйым салынған. Сондықтан олар түрегеліп тұрады. Біз оларға айқайлап, ұра бастаймыз. Ойымызға келгенін жасаймыз. Себебі олардың бәрібір өлетінін білеміз» дейді бұрынғы күзетші.

Жазасын өтеушілердің сөзінше олар өлім жазасына кесілгендерді қалай ұрып жатқанын еститін.
«Біз қатты тарсылдаған дыбыс естіп жаттық. Сағат 22.00 немесе 01.00-ге дейін төменнен адамдардың шыңғырған және қиналғаннан айқайлаған дауыстарын естіп жаттық. Сайеднаяда үндемесеңіз көп соққыға жықпайды. Бірақ жаңағы адамдар жынданып кеткендей айқайлады. Бұл әдеттегі дауыстар болған жоқ. Терісін тірідей сыпырып алғандай шыңғырды» деді құқыққорғаушы Надер (барлық есімдер өзгертілген).
Әр аптада, кейде күнде камерада біреу аурудан, енді бірі шөлден, тойып тамақ жемегеннен және азаптау кезінде алған жарақатынан көз жұмады.
«Камерада біреу көз жұмса, оны көрпеге орап, камераның алдына жатқызатынбыз. Таң ертең күзетшілер үнемі «өлген адамдар бар ма?» деп сұрайтын» дейді бұрынғы жазасын өтеуші Кәрім.
Омарды жоғары сыныпта оқып жүргенде тұтқындаған. Түрмедегі азаптаулар мен қорлау әрекеттерін сөзбен айтып жеткізуге келмейтінін айтқан. Азаптаулардан алған физикалық ауруларға қарағанда, психологиялық күйзеліс ауыр болғанын айтады.
«Сіздерге Сайедная түрмесінде бастан өткерген азаптауларын анықтап айтып беретін адамды табу қиынға соғады. Себебі оны айтудың өзі ұят...Мен тіпті көргенімді қандай сөздермен сипаттап беретінімді де білмеймін».
Бұрынғы жазасын өтеуші Самир ұрып-соғулар өте қатігез түрде жасалынатынын, тіпті шыдау мүмкін емес екенін айтады.
Amnesty International-дың құқыққорғаушыларының мәліметінше, Сирия үкіметі он жылдап осындай қорлау әрекеттерін қолданып келеді.
Human Rights Data Analysis Group-тің берген ақапаратына сай 2011 жылдың наурыз айынан 2015 жылдың желтоқсанынан дейін сириялық үкімет түрмеде орташа есеппен айына 300 адамы өлтіріп отырған. Осы уақыт аралығында түрмелерде 17,7 мың адам өлтірілді.