Наурызбай ауданының прокуратурасы 20 порнографиялық және 15 суицидке үгіттейтін сайттарды жабуға бағытталған шаралар қолдануда деп хабарлайды Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Наурызбай аудандық прокуратурасының тексеру нәтижесіне сай, әлеуметтік желіге тіркелген порнографиялық және суицидке үндейтін топтарды бұғаттау шаралары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі «Қаш немесе өл» ойынының таралуына байланысты білім беретін мекемелермен және ата-аналармен жұмыс жасалуды. Себебі, аталған ойынның ережесіне сай балалар бағдаршамның қызыл түсін күтіп, әдейі көлікке жақын жүгіріп өтуі керек екен.
Оставить комментарий