Жанболат Мамайды 2010 жылдан бері танимын. Ол о кезде жап-жас студент. Қасында Инга, басқа да бір топ жастар жүретін. Жанболат жас кезінен намысшыл жігіт болатын. Қазіргі қиын жағдайдан абыроймен шығуына тілектеспін. Ал сот ашық болу керек.
Мен - МАМАЙМЫН!
Сойылын ол соқпап еді Сарайдың!
Інім үшін жағаласқа жараймын!
Тағдырына араласар талай мың!
"Қояр бұлар!" деп үмітпен қараймын.
МАМАЙМЫН!
Жамболат Мамая особо не знаю. Приглашал на передачу один раз. Оставил впечатление интеллектуально развитого, одаренного молодого человека. Тогда еще подумал, зачем власти из таких одаренных молодых людей делают "монстров". Очень интеллигентный парень.Нет у него максимализма. Нужно делать анализ из идеологем его выступлении. Это же огромная пища для властей. У него средств нет, газету содержат за счет продаж. Они всегда обращаются купить очередной номер газеты "Трибуна". Газета читаемая, популярная, покупаемая. "Казахстанская правда" и "Егемен Қазақстан" стоят в стороне и нервно курят "Беломор". Эти две газеты должны пройти обучение навыкам маркетинга "Трибуны". Зачем вы его трогаете? Вы создайте ему условия, чтобы мог работать и выпускать свою газету. Допускаю. Брал финансирование. Искать источники финансирования - не преступление. Так вы финансируйте, кто вам мешает?. Это же политический рынок. Топорно работаем, также нельзя. Еще, наверное, обижаемся, что народ нас не понимает.
Жанболат Мамайды 6-7 жылдан бері білем. Өз ісін жетік білетін әріптестердің бірі. Қаршадайынан қоғамдық өмірдің бел ортасында жүрді. Өз ойын бүркегенін көргенім жоқ. Талай жастар жүзін эфирге көрсетуге құмартып енді бірі түрлі ведомстваларда баспасөз хатшысы болып, журналистиканы шенеуніктік баспалдаққа пайдаланса Жанболат өз мамандығына деген адалдықтан айнымады. Шау тарқан демократиялық күштің қатарына қосылған жас толқанан да осы Жанболат қана болды. Жаңаөзен ереулі басталғанда "Мен де мұнайшымын" деп өз позициясын ашық айтқанда осы бауырымыз еді. Демократиялық реформа бастамаймыз деген биліктің елдегі санаулы тәуелсіз БАҚ-тың басшысын қамауға алғанын қалай түсінуге болады. Сәбет замамында сәдуақасовщина», «меңдешевщина», «қожановщина» дегендер болушы еді. Енді "әбіләзівщина" деген де пайда болды. Мен өз басым Ж. Мамайдың қандай да бір қылмысқа барды дегенге сенбеймін. Егер қылмыскер іздеу керек болса елді қанағандар биліктің өз ішінде толып жатыр. Жанболаттай Жас Қазаққа араша түсейік, ағайын!
Действия властей в отношении Жанболата Мамая - это верх гнусности, глупости и трусости. В этом нет очевидной логики, есть только игра подкожных страхов и атавистических инстинктов.
Много лет знаю Жанболата и его команду. Уверен, что никаких аблязовских денег там попросту нет. Это мелкая и подленькая месть испуганных чиновников и какбычегоневышлистов.
Если это часть программы "демократизации", то грош ей цена.
Еще более возмутительны обыски и допросы уважаемых, достойных людей страны вроде Толегена Жукеева. Уж кого кого, а его сторонником Мухтара Аблязова может назвать только крайний идиот.
Самое умное и правильное в этой ситуации: прекратить уголовное дело, освободить Жанболата Мамая, принести извинения Толегену Жукееву, Инге Иманбай и другим. Хотя в такое даже не верится.
Жеке пікірім:
Жанболат Мамайды қазақ, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлейтін әрі осы үш тілде жаза алатын мықты журналист деп білемін. Мойындаймын. Оның саяси сауаттылығы мен Азаматтығы өз алдына бөлек әңгіме. Әріптесімнің басына іс түскенде оны қолдайтынымды білдіремін! Қазақша айтқанда, бәле-жала аулақ кетсін! Тезірек ортамызға оралуыңа тілектеспін, Жәке!
Жанболат Мамайды жақсы білемін. Осыдан бірнеше жыл бұрын әңгімелескенімізде, Жанболат Мамай "Әблязов нағыз ұры. Әблязов билікке келсе, елді тонап, бәрін шетелге сатып жібереді" деп айтқаны есімде. Жанболат Мамай дарынды журналист, жас саясаткер. Мүмкін кейді қатты сынап айтатын шығар. Бірақ, "ол ұры, мемлекетті тонады" дегенге сенбеймін. "Трибуна" деген газетті өз күшімен жұмыс істетіп жүр. Жақында ғана редакция өкілі типографияға қарыз екені туралы жазды. Газетті қарыз алып шығарып, қарызды қайтарып жүр. Заңға қайшы келмей. Ал енді "Ол "БТА банктен" жымқырылған қаржының бір бөлігін "Саяси қалам. Трибуна" газетін шығару арқылы заңды қаржылық операция жолымен жымқырған" дейді. Бұл абсурд.
Оставить комментарий