Әбіләзов: Жанболатпен ешқашан кездескен емеспін!

/uploads/thumbnail/20170709210541947_small.jpg

«Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай 10 ақпан күні ұсталған болатын. Оған құзырлы орындар Әбіләзовтің сыбайласы ретінде қарап, қаржылық айыптар тағып отыр.

Осыған байланысты Мұхтар Әбіләзовтің өзі әлеуметтік желіде пікірін білдірді.

«Мемлекет тұрғындары Назарбаев БТА банкті 2009 жылы 2 ақпанда басып алғанын білу керек. Бұл уақытта Жанболат Мамай 20 жаста болатын. Назарбаев режимі «БТА-дағы» ұрланған ақшаны Жанболаттың қатысы бардай көрсетіпті. Тергеуге сай ақша жымқыру оқиғасы Мен банк басшылығында болған уақытта орын алған, яғни 2005 жылдың мамыр айы мен 2009 жылдың қаңтар айы аралығында. Бұл уақытта Жанболаттың жасы 17-20 жаста болатын. Мұндай миға сыймайтын жаланы қалай айтуға болады? Тіпті, түрмеге қамауды айтпағанда.

Сосын... Мен БТА банкінің ақшасын жымқырды деген шешім Қазақстанның ешбір сотында айтылмаған. Сонымен қатар, ҰҚК мен прокуратура маған қылмыстық іс қозғалғанын бірнеше рет мәлімдеді. Алайда менің адвокатыма айыптаулармен танысу үшін бірде-бір құжат бермеді. Осы уақытта тергеу жұмыстары емес, БАҚ-та тек қара пиармен айналысты. Енді осыдан кейін қалайша Жанболатқа заңды түрде кінә тағуға болады?

Жеке өз басым ешқашан онымен Қазақстанда кездеспегенмін, банкте жұмыс істеп жүргенде де, одан кейін де... Онымен кездесіп көрген емеспін. Маған қатысты нақты сот шешімдері шықпаған. Әрине, маған қарсы әртүрлі арандатушылық мәлімдемелер жасау үшін қазір маған сырттай жала жабуға дайын тұрғандарын білемін.

Бірақ кеш. Сендерге кім сенеді? Оның үстіне, Қазақстанда 8 жыл бойы ешқандай сот үкімі шықпады. Біздің азаматтар мен бүкіл әлем бұны саяси қуғындау деп қана баға береді. Мұндай шешімді Францияның жоғарғы соты қабылдады. Және Жанболаттікі де дұрыс – оны да саяси себептермен қуғындап жатыр. Оның БТА банкке ешқандай қатысы жоқ»

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи