Ғаламторда әлемдегі ең толық әйел Үндістанға емделуге барады деген ақпарат тарады. Египетте тұратын Иман Ахмад Абдулати есімді әйелдің салмағы 500 келі. Мумбай қаласында оған операция жасап, қарнының жарты бөлігін алып тастайды.
Әйел инсульттан кейін аман қалды. Сонымен қатар өз бетінше қимылдай алмайды. Мумбайға оны арнайы жүк ұшағымен жеткізеді.
Онда ол бірнеше ай емделеді. Осы уақыт аралығында оған операция жасалып, басқа да тексеру жұмыстары жүргізіледі. Барлық шығынды әйелге қол ұшын беруге уағдаласқан адамдар өтейді.
Әлемде артық самақтан арыла алмай жүрген немесе керісінше салмақ қоса алмай жүргендер көп. Мәселен Джон Миннохтың 1979 жылы ресми тіркелген салмағы 635 келі. Оны басқа қырына аудару үшін 10 адамның күші керек. Ер адам 42 жасында қайтыс болды.
Джереми Гиллитцер 2010 жылы 38 жасында дүние салды. Ол 25 жыл анорексиямен ауырды. Өлер алдында Джеремидің салмағы 30 келі болған.
Мексикалық Мануэль Урибенің салмағы 590 келі болды. Мануэль қалыңдығы үшін 187 келіге салмақ тастады. Ол 48 жасында қайтыс болды.
Валерия Левитина 39 жасында 25 келі болған. Ол анорексиямен ауырып көз жұмды. Өмір бойы Валерия артық салмақтан арылу үшін диетада отырған.
Кэрол Энн Ягер медицина тарихындағы ең толық әйел. Кэролдың салмағы 544 келіге жеткен еді. Ол 1994 жылы қайтыс болды.
Пол Мейсон 305 келіге арықтағаннан кейін оның 21 келі терісін кесіп алды. Қазір ол қайта салмақ қосты. Оның салмағы 157 келі. Десек те, бұрынғы 445 келімен салыстырғанда әлде қайда жақсы.
Мексиканка Изабель Кароның бойы 163 см болса да салмағы 28 келі болды. Әйел 2010 жылы қайтыс болды.
Кейт Мартиннің салмағы 440 келі болды. Оның ірі малға арналған аппаратқа түскен рентген суреті халықты таң қалдырған.
Кел Тони Стаффорд өте сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан. Оның денесіне май жиналмайды. Қазір оның салмағы 33 келі. Ол Паралимпиадаға жиі қатысады.
Майкл Хебранко бұрында 411 келі болды. Диета ұстап, физикалық жаттығуларды жасап және операциядан кейін оның салмағы 90 келіге дейін төмендеді. Алайда ол 7 жылдың ішінде қайта 453 келіге дейін салмақ жинады. Ал 1999 жылы 500 келіге дейін жетті. Сол кезде Майкл өзін қайта қолға алып 80 келіге арықтады. 2013 жылы Майкл қайтыс болды. Ол кезде оның салмағы 250 келі болды.
Иоана Спангенбергтің салмағы 38 келі. Ал белі 50 см. БАҚ оны «тірі құм сағат» деп атайды.
Сюзанна Еманның салмағы қазір 225 келі. Осыған қарамастан ол әлемдегі ең толық әйел болуды армандайды. Сол үшін көп тамақ жейді екен.
Оставить комментарий