KFC неліктен сұранысқа ие?

/uploads/thumbnail/20170709221104625_small.jpg

Бүгінде кез-келген сауда орнына барсаңыз «KFC»-ге кезекке тұрған ұзын сонар халықты көресіз деп жазады qamshy.kz. Тіпті, орын шаншар орын болмай жатады. Бір таңқалатыным неліктен халық осыншалықты бұл тағамға ынтық  болып тұрады, неге жалықпайды?  Керісінше, сұраныс жыл сайын жоғарлап, еліміздің түкпір-түкпіріндегі сауда орындарында бой көтере бастады.

Алғаш АҚШ-та пайда болған бұл қуырылған балапандардың қазіргі кезде брендке айналып үлгергені таң қалдырады.  Алғаш Гарлан Сандерс есімді адам ойлап тауып, жалпы жұртшылыққа ұсынған екен.  "KFC" сөзінің толық жазылуы – Kentucky Fried Chicken.  Яғни , "Кентуккиялық қуырылған балапаны"  дегенді білдіреді.  Бір рет дәмін көрген адамды ынтықтырып тұратын құпияға толып астың өзіндік  құпиясын  халықтан әлі күнге дейін жасырын ұстап келеді.

Кішкентай дүниеден үлкен бір серпіліс туғызып, әлемдік қолданысқа енгізген бақытты жанның  жасаған  ғажайыбының арқасында АҚШ-та пайда болған бұл тағамды  әлемнің қай бұрышына барып іздесеңіз қиналмай-ақ тауып аласыз.  Осы арқылы өздеріне сансыз пайда түсіріп жатқан кәсіпкерлердің  де қатары артып келеді. Себебі жақындарымызбен бас қосып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудың ең тиімді әдісі деп санайтын жандардың легі көп.

Бір өкініштісі, біз тауық етіне деген шексіз сүйіспеншілігіміз арқасында шетелдің қаржысын қампайтып, өз қалтамызды қағып жатырмыз.  Әлемдік брендтің құдіреттілігін мойындай отырып, тағамның таңғажайып дәмінен ешқашанда бас тартпайтынымызды дәлелдеп келеміз.

Ақиқатына келсек, Қазақстанда өзінің ұлттық тағамдарын осындай әлемдік деңгейде үлкен сұранысқа ие болғызып, брендке айналдыруға қауқарлы. Қымыздың өзі талай шетелдіктің таңдайын қақтырып жүр емес па?

Демек,  «KFC» сынды беделді де пайдалы тағамдар желісіне кезек күтіп тұрғанша,  ұлттық тағамдарымыздың сұранысқа ие болуының жолдарын қарастырып, соның тағдырына алаңдайық.

 

Тілеген Көгершін

Связанные Статьи