Бүлінген тісті уақытылы емдетпеудің салдары – қатерлі ауру

/uploads/thumbnail/20170709221108654_small.png

Алматы облысының Қарасай ауданында Серік Жақаймов деген азамат тұрады. Отыз алты жастағы осы азаматтың бүгінде қабырғасы қайысып, қайғыға батып отырған жайы бар. Бүлінген тісті уақтылы емдетпеудің салдарынан әйелі ауыр науқасқа шалдығыпты.

2013-ші жылы келіншегі Зами­ра Жиемұратованың алдыңғы тіс­тері шіри бастаған екен. Кейбірінің түбі іріңдеп кеткен. Бірін жұлдыртты, бірін ем­детті. Бірақ тістері бірінен кейін бірі шіри берді. Ақыры аузында тіс қалмады. Көп ұзамай беті ісінді. Өзі де әлсіреп, жүдеп кетті. Сосын ем­деліп алсын деп азын-аулақ ақшаны ұстатып, Ташкент­ке жіберген. Ол жақта дәрігерлер күтпеген сұмдық диагноз қойды: «Сол жақ таңдай қуысының қатерсіз ісігі». Екі баланы босанғанда да Замира дұрыс күтіне алмаған. Тістен басталған ауруға сол себеп болды ма деп ойлайды ерлі-зайыпты.

Ташкентте Замира жарты жыл емделген екен. Сәулелік терапия қабылдады. Беті бері қараған соң, бәрі қалпына келді деп ойлап елге оралды. Бірақ бір жылдан кейін сол жақ беті тағы да ісіп, өзі әлсіреп, қатты жүдеп кетіпті. Сөйтсе, керісінше ауруы асқынып кеткен екен. Қатерлі ісікке айналыпты. Содан бастап әйелдің өмірі абыржу, шапқылау: анализ тапсыру, дәрі-дәрмек алу, ауруханаға жату. Бірақ ауру бұл емге көнбеді. Сөйтіп 2016-шы жылдың шілде айында операция жасатты. Оның да машақаты мен шығыны көп екен. Не керек, келіншегінің сол көзін, жағын, таңдайын алып тастады. Осылай Замира бір-ақ күнде бе­тінің сол жағы қисайып, дұрыс сөй­леу мен ас ішуге жарамай, мүгедек болып қалды. Даусы шықпайды.

Бір ғана тістің кесірі Замираның бүкіл өмірінің бүлінуіне түрткі болды. Бұл оқиға өзгелерге ой салуы тиіс. Бүлінген тісті уақытылы емдету, босанған соң дұрыс күтіну сынды жайларды елемеуге болмайтынын да айтқымыз келеді.

Дереккөз: «Замана» газеті 

Связанные Статьи