Алаяқ әйелдер 93 жастағы әжейдің 700 мың теңгесін жымқырған

/uploads/thumbnail/20170709232737963_small.jpg

Ақмола облысында алаяқтық азаяр емес. Оңай олжаға кенелгісі келетіндер көбіне қарияларды алдап соғады екен. Осындай қылмыстардың тағы бірі 16 наурыз күні Есіл ауданында әшкере болды, деп хабарлайды хабар арнасының жаңалықтар қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 93 жастағы әжейдің үйіне белгісіз 2 әйел келіп, өздерін әлеуметтік қызметкерміз деп таныстырып: «Ескі банкноттарыңызды жаңасына ауыстырып береміз», – деп, зейнеткердің жылдар бойы жинаған 700 мың теңгесін алып кеткен.  Қазір екі күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облысында былтыр 200-ден астам алаяқтық дерегі тіркелсе, биыл 88 адам алаяқтардың құрбаны болған

Гүлнәр Пинчук, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Алаяқтықтың түрлері өте көп болып тұр. Өздерінің құйтырқы әрекетін іске асыруды ойлайтын олар түрлі кейіпке еніп, қарттарды алдап кетіп жатыр. Біз қариялармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Баспасөз беттерінде де бұл туралы құлағдар еттік. Дегенмен не нәрсеге болса да, сенгіш келетін үлкен кісілер алаяқтардың құрығына түсіп қалып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи