ҰЛЫ МЕРЕКЕ - ӘЗ НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

/uploads/thumbnail/20170709232820369_small.jpg

Э П И Г Р А М М А Л А Р (Мерекелік әзілдер)


Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы, Түрік әлемінің лидері -

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВКЕ!


Тұйе бақса Абылай, ол далада қой бақты.

Жігіт болып ер жетіп, темір, шойын "қайнатты".

Ел бастады ту ұстап, ізін басып Бабаның,

Қақ төріне Алаштың, Ақордасын жайнатты!


Батыстағы "Аюды", шығыстағы "АйдаҺар",

Айтқанына көндірген ақыл асқан - айлакер!

Кедейлеу халқын бүгінгі, 2050 ге "сендірген",

Нұр - екеңдей Презитент айтыңдаршы қайда бар!


* * *

Қазақ станың халық артисі, өнердегі ақылшы ағаларымның бірі – НҰРҒАЛИ НҮСІПЖАНҰЛЫНА!


Ақиығы өнердің асқақ әнші Нұр – ағаң!

Талай сұлу талықсып құшағына құлаған!

Сыйқырынан даусының кемпір - шалдар кемсеңдеп,                                                                                               Бесіктегі бала да уанады жылаған!

Сексен жаста "секіріп" сахнада ән саған,

Алдымдағы Нартұлға аға барға қуанам!


* * *

Түрік әлемінің ұлы ақыны, жыр дүлдүлі, қоғам қайраткері –                      МҰХТАР ШАХАНОВКЕ!


«Желтоқсанның жарасын жазамын» - деп «емші боп»,

Қырғыз жаққа айдалдың біраз жылға Елші боп.

Енді жүрсің күресіп, "жаңа қазақ" мәңгүртпен,

"Оятам" - деп намысын қара қайрақ, қамшы боп!


«Қазақ тіл» - деп шырылдап, даусың қалды қырылдап.

Қалғып - мүлгіп отырсаң кей біреудей "пырылдап",

Шіренер ең "көк үйде" депутат боп қайтадан,

"Кайф" болып карта ойнап, қыз - қырқынға қырындап!


* * *

 

    2

Қазақстанның халық артисі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері, бұлбұл көмей әнші, өнердегі бауырым - БЕКБОЛАТҚА!


Депутат с бородой,

Қайда жүрсе с домбырой!

Ерініде насыбай,

Министрді на дуэль,

Шақырады жасымай!

Қалам алса - ғалымдай!

Мәжілісте оратор,

Пікір айтар жалындай!

Қобыз алса - Қорқыттай!

Бәрін айтта, бірін айт,

Ән салғанда Бекболат,

Біржаннан қалған сарқыттай!


* * *

 

Қазақстанның халық артисі, Қазақтың театр мен кино өнерінің Дарабозы, өнер жолындағы жастық шағымызда талай қызықты бірге өткізген құрдасым - ТҰҢҒЫШБАЙҒА!


Қарап тоймас келбетті, теректей берген бойды да!

Өзі актер, өзі ақын, басқарып кетер тойды да!

Профессор атақты, серілігі тағы бар,

Әнші боп кетті бір кезде, директорлықты қоды да!

"Қайырлы таңды" жүргізіп, көрерменді күлгізіп,

"Мир" - ға да шығып айтты ол, халақаралық ойды да!

Сен едің сомдап қазақтың, Хандарын ұлы тірілткен,

Елбасы соны ескерсе, араша түсер ҚАЙҒЫҢА!


* * *

Қазақстанның халық артисі, осы заманның серісі, ұлы Нұрғиса ағамыз «Сары бала» атандырған, «қараларды» қадірлейтін досым – АЛТЫНБЕККЕ!


«Қара кемпір», «Қара шал»

Бата берген Сарбала!

"Қара қызды" құшақтап,

Жата берген - Сарбала!

"Қара пима" тоздырып,

Зыта берген - Сарбала!

Қарта ойнаған достарын,

    3

Ұта берген - Сарбала!

Өзі сары болса да,

"Қара бала" таптырған!

Көре алмаған дұшпанға,

Балтырынан қаптырған!

Атағы мен "шатағын",

Уақытында ап тұрған!

Сарбаладай досыма,

Наурызда тілеймін,

Ұзақ ғұмыр тағдырдан!


 

АЙМҰХАНБЕТ  БЕЙСЕМБЕКО

Оставить комментарий

Связанные Статьи