Жаңа туылған сәбиін алғаш көрген анасы шошып кетті

/uploads/thumbnail/20170710000156368_small.jpg

Үндістанда ерекше сәби дүниеге келді. Баланың анасы Халида Бегум алғаш рет ұлының бет әлпетін көргенде шошып кетті. Тіпті  бастапқы кезде оны емізуден бас тартты.

Ол 4 баланың анасы. Бұған дейінгі балалардың басқаларынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Жергілікті дәрігерлердің үнділік балаға қойған диагнозы – ихтиоз арлекина,  анэнцефалия және бас миының  дамуында үлкен ақау бар екенін айтқан. Мұндай диагнозбен әдетте сәбилер бірнеше апта ғана өмір сүреді екен. Десек те, анэнцефалымен екі жыл өмір сүрген бала бар.

Халида Бегум баласын «өзге планеталық» деп атайды. Ол сәбиінің неліктен бұлай дүниеге келгенін түсінбейді. Ал әкесі аталмыш жағдайды құдайдың жазасы деп есептесе, жергілікті тұрғындар сәбиді көріп қуанышын жасырмады. Олар сәбиді өздерінің сенетін Ханумана құдайына ұқсайтынына қуанды. Оны көру үшін адамдар Үндістанның түкпір-түкпірінен келе бастады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи