«Жақсыдан Шарапат» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

/uploads/thumbnail/20170710005300096_small.JPG

2017-жылдың 7-сәуірінде  сағат 11:00-де «Хан Шатыр» сауда үйінде «Жақсыдан Шарапат» атты қайырымдылық жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтеді деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі. Жәрмеңкеге республикамыздың түкпір-түкпірінен келген, басына өмірдің кембағалдық сынағы берілсе де мойымай қолынан келген кәсібімен шұғылданып жүрген отандастарымыз қатысып,  бұйымдарын сатылымға қояды. Сонымен бірге ұтыс лотереялары ойнатылады. Шарадан түскен қаражат мүгедек балалар мен аз қамтылған отбастарына жәрдем беруге жұмсалатын болады. Қайырымдылық жәрмеңкесінің ұйымдастырушылары «Ауыл» партиясы мен «Пана-Б» қоғамдық, қайырымдылық» қоры.

Оставить комментарий

Связанные Статьи