Ақмола облысының Сандықтау ауданында Калгари қ. XV Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахновтың құрметіне дәстүрлі «Ақ марафон» өтті – деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Жүгіру жыл сайын танымалдылығын арттыруда, биылғы жылы жарысқа қатысушылардың саны алдыңғы жылдарға қарағанда артты: жарысқа 5 – тен 50 км дейін әр түрлі жастағы үш жүзден астам спортшылар қатысты.
Шаңғы спортының әуесқойлары және белсенділері Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарынан келді.
Ақмола облысының Сандықтау ауданының спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. 30 километр қашықтықта бірінші орынды Роман Еремин иеленді, 20 километр қашықтықта Ольга Мандрика, 10 километрде Гүлсина Кадирова «алтын» иеленді. Владимир Еремин 10 километр қашықтықта чемпион атанды.
Эрик Шефер мен Любовь Онищенко команда бойынша жолдастарының жетістіктерін қайталады. Екі спортшы 5 километр қашықтықта өздерінің жүлделерін алды.
Оставить комментарий