«Ақылды» құлыптас: Жаңа технология бейіт басына да келіп жетті

/uploads/thumbnail/20170710013908438_small.jpg

Жаңа технология бейіт басын да айналып өтпеді. Енді жақын туысыныңыздың қабірінің басына барғанда ол адам жайында деректерді қалауыңызша біліп отыра аласыз, деп жазады «Қамшы» ақпараттық агенттігі.

Islam.kz сайтының хабарлауынша, Словенияның Марибор қаласындағы Жағалау деп аталатын бейітінде әлем бойынша тұңғыш рет «ақылды» құлпытас пайда болды. Инновациялық құлпытастар туған-туыстары жүктеген, қайтыс болған адам турасындағы ақпарат қамтылған экранмен жабдықталған. Адам қабірдің басына жақындамайынша ешнәрсені байқамайды, тек жақын келгенде ғана плитада қимыл-қозғалыс датчигі іске қосылып, сенсорлық экран пайда болады. Одан қайтыс болған адамның фото-суретін, қайтыс болған адам бейнеленген видеоны көруге және оның өмірбаянын оқуға болады.

Осы жобаны ойлап тапқан Bioenergija компаниясы өкілдерінің айтуынша, құлпытастағы экранға су өтпейді, өйткені, арнайы жабынмен қапталған. Аталмыш компания мамандары қазіргі уақытта арнайы мобильді қосымша жасап жатыр. Оның көмегімен «ақылды» құлпытастағы мәліметтерді өзгертуге, толықтыруға, т.б. болады.Бұл инновациялық жобаның құны үш мың доллардан асып жығылады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи