Үндістанда жүрегі сыртына шыққан сәби дүниеге келді

/uploads/thumbnail/20170710013917938_small.jpg

Үндістанда жүрегі сыртында орналасқан сәби дүниеге келді. Мадхья-Прадеш штатында жүрек ауруына шалдыққан сәби осы дертіне байланысты жүрегі сыртында орналасып туылған.

Бұл туралы «Қамшы» ақпарат агенттігі  Daily Star-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Сәбидің ата-анасы оның денсаулығында ақау бар екенін УДЗ (Ультра дыбыстық зерттеу) кезінде анықтаған. Алайда ақаудың алдын-алуға жұбайлардың қалтасы көтермеген.

«Біздің тұңғышымыз осылай азаптанады деп кім ойлаған» дейді қыздың анасы.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың аман-есен өмір сүріп кетуі 50/50 деңгейімен есептеліп отыр. Сәбиді Делидегі ауруханаға ауыстырып ота жасалмақшы.

Жүрек эктопиясы- өте сирек кездесетін жүректің басқа жерде орналасуын  сипаттайтын дерт. Ол  150 мың адамның ішінде бір адамда ғана кездесуі мүмкін. Ең өкініштісі, осы дертпен туылған 90% cәби өлі туылады немесе өмірінің алғашқы күндерінде-ақ қаза табады екен.

Оставить комментарий

Связанные Статьи