Жаңа шағын аудан салынуда

/uploads/thumbnail/20170710015014563_small.jpg

Тараз қаласы «Арай» алқабында жаңа шағын аудан салынуда деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА .

2014 жылы жаңа «Арай» алқабында 14 гектар аумақта көппәтерлі үй салу жұмыстары басталған. 2015 жылы «Тұрғын үй жинақ банкі» желісі бойынша екі 65 пәтерлік тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Үйді ҰОС ардагерлері, мемлекеттік және әскери қызметшілер, бюджет қызметкерлері, көпбалалы отбасылар, жетім балалар алды. 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын меркелеу қарсаңында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған жаңа үйден 80 отбасы пәтер алды.

Қазір «Арай» алқабында 80 пәтерлік 12 бесқабатты үй салынуда. Құрылыс 2016 жылы басталған. Үйдің бөлігі осы жылғы мамырда тапсырылады. Екі жаңа үйді осы жылы наурызда «Бином» және «Агроспецстрой» сала бастады. Ол 2018 жылы аяқталады. Таразда жалпы 960 пәтер салынуда.

Тараз әкімі Рүстем Дәулет құрылыс барысын қарап, құрылысшылармен сөйлесіп, нәтижесіне көңілі толды.

«Жамбылхимстройинженеринг» ЖШС директоры Юрия Минакованың айтуынша, компания 6 128 шаршы метр 80 пәтерлік бесқабатты үйді аяқтап қалды.


 

Оставить комментарий

Связанные Статьи