Омск қаласының тұрғыны Антон Кудрявцев жайлы әлеуметтік желі көп айтты. Ол 9 бала өсіріп отырған ардақты әке, шаңырақтың отағасы. Балаларының 5-еуі өзінікі болса, 4-еуін асырап алған. Оның өмірі махаббатқа толы. «Батыр» атағына лайықты ер азамат өмірінде көп азап шекті. Біріншіден, қатерлі ісіктен сүйген жары қаза тапты. Бұл қаза Антон үшін ауыр соққы болды. Алайда, балалары үшін берілмеуі керек еді. Бүгінгі таңда Антонның өмірінде оның балаларын шын жақсы көріп, құшағына басқан әйел пайда болды. Енді шаңырақтары қайта шатыққа кенелді.
Антон әскерден қайтып келгенде өзінің сүйген қызы Анямен отау құрады. Сөйтіп, алты баланың ата-анасы атанады. Оның үшеуі ұл болса, ендігісі үшем қыздар. Бірақ бақыттың шырқы бір сәтте бұзылады. Аня қатерлі дертке шалдығады. Антон әйелінің сауығуы үшін қолынан келгенінің бәрін істеп бақты, алайда, Аня көз алдында сола берді. Өмірге деген үміті үзілді. Ақыры, қаза тапты.
Әйелінің өлімінен кейін Антон ұзақ уақыт өз-өзіне келе алмай жүрді. Тіпті,қыздарын өзінің анасының қолына тастап, ұлдарымен қала сыртындағы Аня екеуі бірге тұрғызған үйге барып тұрады. Балалары үшін өзінің кәсібін уақытша шетке ысырып қояды. Себебі, жұмыстан гөрі соларға керек екенін сезінді.
Екінші рет үйлену жайлы ойламаған да еді. Антонға және оның балаларына қамқор болғысы келіп, қол ұшын созған әйелдер көп болды. Бірақ, әйелінің орнын ешкім баса алмасын білді.
Уақыт сырғып өте берді. Жалғызбасты әке Людмила есімді әйелмен танысты. Алғашында, көңілінен шыққандай болып, кездесулерге шақырып жүрді. Людмиланы сынамақ болып, алғашқы кездесуге балаларын ертіп барған. Бәрі өзі күткендей болды. Людмила Антонның балаларымен оңай тіл табысып кетті. Кездесіп жүрген екі жас үйленуге бел байлайды. Людмиланың бірінші некесінен баласы болған. Сөйтіп, көпбалалы Антонның отбасы тағы бір балаға толықты.
Антонды кездестірмей тұрып, Людмила ерекше түс көргенін айтады. Түсінде саябақта өзі танымайтын жеті баламен қыдырып жүрген екен. Осы жағдайдан соң әлеуметтік желілердің бірінен Антонды байқап қалады. Танысып, сөйлеседі. Тіпті, алғаш сөйлескен күннің өзінде Антонды жүрегінің бір бөлшегі екенін сезеді. Алғашында, Антонды алты баласымен қабылдау қиынға соғатындай көрінді, бірақ қазір сол балаларынан немере сүюді армандап жүргенін айтады.
Соңғы жылда Кудрявцевтердің отбасында тағы бір толығу болды. Ерлі-зайыптылар жетім қалған егіз балаларды асырап алады. Өздеріне көрші үйде тұрған сәбилердің анасы туберкулез дертінен қаза тапқан, ал әкесі түрмеге тоғытылады. Енді үлкен шаңырақта тоғыз бала болды. Антон балаларынан ешқандай ауыртпалықты сезінбейтінін айтты. Керісінше, әрқайсысына қараған сайын әке жүрегі жігерлене түседі.
Людмила да көпбалалы ана рөліне тез сіңісіп кетеді. 5 лиртлі қазанға тамақ дайындап, бірнеше тоқаштар әзірлеуге ешқашан да шаршаған емес. Бала тәрбиесіне өзін толығымен арнай білді. Антон жұмысына қайтып барып, жеке кәсіппен айналысып жүр. Тіпті, көпбалалы ата-ана тағы бала сүюді қалайтын көрінеді.
Өмір өз ағымымен жүзе берді. Үлкен отбасы бүгінде бақытты ғұмыр кешуде.
Дереккөз: Omsk.aif.ru
Аударған: Гүлім ЖАҚАН
Оставить комментарий