САҒЫНТАЕВТЫҢ АҚШ-ҚА САПАРЫ – ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДӘУІРГЕ АЯҚ БАСАДЫ

/uploads/thumbnail/20170710024256574_small.jpg

ҚР Үкімет басшысы Сағынтаев президенттің тапсырмасымен АҚШ-қа сапар жасады. Бұл туралы Qamshy.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне және Қазақстан ұлттық арнасының «Апта» хабарына сүйеніп хабарлайды.

ҚР Премьер-Министрі  Бақытжан Cағынтаев «Chevron»«Citigroup»«Bloomberg»«WRBerkley Group»«GE Transportation»«OSI Systems»«Pfizer»«Cisco»«Robomatter Inc.»«IBMWatson» орталығы, «Autodesk»«Tesla Motors»«Bridge West Group»«Learn Capital»«SoundHound»«Uber»«DFJ»«Silicon Valley Innovation Center»«Plug and Play Tech Center»«Google»«Jabil» және «Microsoft» өкілдерімен кездесті.

ІТ-технологиялар, машина жасау, энергетика, тау-кен, химия, тамақ және өңдеу өнеркәсібі, телекоммуникациялар, болашақтың көлігі, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау және өмір сапасын жақсарту салаларында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланады.

Қазақстан Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың кестесіндегі алғашқы кездесулердің бірі АҚШ-тың аса ірі қаржы институттарының «Citigroup»«Mastercard»«Berkley»«MorganStanley»«Black Rock»«Goldman Sachs»Moody’sStandard&Poor’s және Fitch әлемдік рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ Greylock CapitalAmerican International GroupGuggenheim InternationalAlliance BernsteinPublic Capital Advisors, Business Council ofInternational Understanding компанияларының өкілдерімен жүздесуі болды. Әлемдік экономиканы және Қазақстанның экономикалық саясатын дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру, инвестициялар тарту, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру және активтерді басқару мүмкіндіктері талқыланды. 

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Нью-Йорктің экс-мэрлері Рудольф Джулиани және Майкл Блумбергпен кездесті. Келіссөздер барысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, өткізілген кездесулердің маңызды нәтижесі Астанада «Bloomberg» телеарнасы мен кеңсесін ашу туралы келісім болды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың жетекші компанияларымен: «I Scuared Capital»«General Electric»«Grace, Robotti & Company Advisors»«AGCO»«AES»«Black and Veatch»«American Industrial Acquisition Corporation» Қазақстан экономикасына инвестициялар мен жаңа технологиялар тарту мәселелерін талқылады.

Бұдан өзге, «OSI Systems»«Pfizer» және «GE Transportation» компанияларымен кездесулер аясында Қазақстанда технологиялық жабдықтар өндірісіне инвестициялар тарту туралы, ал «Rahal Foods» компаниясымен органикалық азық-түлік өндірісін іске қосу туралы келісім жасалды.    

Ірі IT-компаниялармен келіссөздер барысында Қазақстан үшін маңызды бірқатар Меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда «Зерде» АҚ мен «Cisco» компаниясы арасында ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында Cisco Қазақстанда пилоттық жобаларды (мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан көрсетуге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету дүңгіршектері, Cisco желілік академиясы, «цифрлық кен орны»,  IoT-желісі, Smart Lighting және т.б.) іске қосуды қаржыландыруға дайын.

ҚР Премьер-Министрінің «IBM Watson West» орталығын аралау қорытындысы бойынша «IBM» компаниясы мен «ИТП» ДКҚ арасында Астана қаласындағы стартап-хаб аясында келесі бағыттар: қаржылық технологиялар, «Ақылды қала» бойынша технологиялар және қала құрылысы мен пайдалануды басқаруға арналған технологиялар бойынша қолданбалы зерттеулерге арналған зертхана құру бойынша Меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Autodesk» вице-президенті Дэвид Крейнмен кездесті. Тараптар Қазақстанда Autodesk құзырет орталығын құруды талқылады, оның аясында BIM (Building Information Modeling – ғимаратты ақпараттық үлгілеу) саласында цифрлық стандарттар енгізіледі. Компанияны аралау нәтижелері бойынша «Autodesk» пен «ИТП» ДКҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, «Autodesk» компаниясының қазақстандық құрылыс материалдарының сапасын анықтау және сертификаттау зертханасын құруға қатысуы қарастырылған.

ҚР Премьер-Министрі «Bridge West Group» Директорлар кеңесінің Төрағасы Маси Таэбимен кездесу өткізді, оның қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ-мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, онда Интернетке қолжетімділік желілерін ауқымды дамыту мақсатында америкалық компанияның жабдықтарын сатып алу бойынша мүмкін ынтымақтастық көзделген.

Содан кейін «Learn Capital» Басқарушы серіктесі Г. Мауромен кездесу өтті, оның қорытындысы бойынша ҚР БҒМ «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ-мен «чартерлік мектептер» деп аталатын үлгі бойынша инновациялық білім берудің пилоттық жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  

Б. Сағынтаев «Sound Hound» компаниясының төрағасы К. Мохаермен келіссөздер жүргізді, ол ақпараттық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруда Қазақстанның әлеуетті серіктесі болуы мүмкін.

АҚШ-қа жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі «Robomatter Inc.»  президенті Скип Смитпен кездесті, оның барысында компанияның инновациялық білім беру бағдарламаларын Қазақстанда қолдану мүмкіндігін талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Tesla Motors» кеңсесін аралап, компания өкілдерімен машина жасау, электромобиль өндірісі, сондай-ақ автокөлікті ұшқышсыз басқаруды енгізу салаларындағы инновациялық технологияларды талқылады. Бұдан өзге, «Tesla Motors» аралау аясында «Қазатомөнрекәсіп» компаниясымен жаңартылмалы энергия көздері саласындағы мүмкін ынтымақтастық бойынша нақты ұсыныстар тапсырылды.  

Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаев «Сhevron» компаниясының төрағасы Джон Уотсонмен келіссөз өткізді, онда мұнай өнімдерінің әлемдік нарығын дамытудың қазіргі жағдайы мен болжамдары, еліміздегі мұнай-газ жобаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Б. Сағынтаев «Uber» кеңсесіне барып, компанияның жаһандық саясат және экономика жөніндегі басшысы Б. Масиелломен кездесу өткізді. «Uber» - такси немесе жеке жүргізушілерді іздеу, шақыру және ақысын төлеуге арналған мобильдік қосымшаны іске қосқан, Сан-Францискода құрылған америкалық, халықаралық компания. 2016 жылдың мәліметтеріне сәйкес, мобильдік қосымша арқылы қызмет көрсету әлемнің 70-тен астам елінде қолжетімді болған.  

ҚР Премьер-Министрі стартап-жобаларға қолдау көрсетумен айналысатын ірі «DFJ» компаниясының кеңсесіне барып, оның негізін қалаушы Т. Драпермен кездесу өткізді. «DFJ» бірқатар қазақстандық компанияларға қолдау көрсетуге ниетті. «DFJ» компаниясы технологиялар саласындағы даму сатысындағы және бастапқы сатыдағы жобаларға инвестиция құюға бағдарланған. Осындай ірі компанияның қолдау көрсетуі Қазақстанда цифрлық және ақпараттық технологиялар дамитын экономика салаларындағы бизнесті дамыту мен инвесторларды тартудың алаңына айналатын AIST HUB ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркін құру тұрғысынан алғанда өте маңызды.

ҚР Премьер-Министрі Кремний алқабының инновациялық орталығының кеңсесіне барып, сарапшылар тобымен және орталық президенті А. Куновпен кездесті. Инновациялық орталық Кремний алқабының көшбастаушы компанияларының басшылығымен, ірі венчурлік қорлармен және инвесторлармен, табысты кәсіпкерлермен, іскерлік және қоғамдық элита өкілдерімен тығыз байланыста және тағылымдама, шеберлік-сыныптары мен бизнес-турлармен қамтамасыз етеді.

Б. Сағынтаев «Plug and Play Tech Center» компаниясының басшылығымен және стартаптармен бірқатар кездесулер өткізді. Айта кету керек, «Plug and Play Tech Center» - стартаптарды дамытуға мамандандырылған бизнес-акселератор. Ол 300-ден астам стартаптарды біріктіреді және аталған инкубатордың қорғауындағы компанияларды іріктеуге жүйелі түрде қатысатын 170-тен астам инвестормен серіктес.

Одан кейін ҚР Премьер-Министрі «Jabil» компаниясының кеңсесіне барды, ол түрлі салалардағы жаһандық технологиялық корпорацияларға электроникаларды жобалап, әзірлеу бойынша кешендік қызметтер көрсететін әлемдегі ең ірі өндірістік компаниялардың бірі. Оның клиенттерінің арасында Apple, Facebook, Microsoft, Cisco секілді дүниежүзілік компаниялар да бар.

Компания электронды өнімдерді нарыққа жылдамырақ шығаруға көмек көрсетеді және өнімдердің күллі әлем бойынша жеткізілуін басқарады. Jabil-дің жобалау, өндіріс және өнімді жеткізу тізбегін зияткерлік басқару шешімдері машина жасау саласында да қызығушылық тудырады. Осыған ұқсас компаниялармен ынтымақтастық орнату ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Экономиканы үшінші жаңғырту бойынша берген тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан үшін үлкен маңызға ие.

Сан-Францискода Бақытжан Сағынтаев «Google» кеңсесіне барды, онда компанияның ІТ-саласындағы қазіргі әзірлемелерімен танысты, қызметкерлермен Қазақстанға қажетті жобаларды талқылады. Олардың ішінде: Real Time Speech Translation және Project Loon бағдарламасы бар, оның аясында ерекше әуе шарлары стратосфера биіктігінде тұрып, жердегі тұтынушыларға, әсіресе, алыс шалғайдағы елді мекен халқына интернет жібере алады.

Сондай-ақ, Қазақстан Премьер-Министрі «Microsoft» корпорациясының ұжымдық вице-президенті Д. Левинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында компанияның бағдарламалық шешімдерін ҚР-ның шағын жинақты мектептеріне енгізу мәселесі талқыланды. Шағын жинақты мектептердің сапасын жақсарту мен ауыл және қала мектептері арасындағы білім беру деңгейін теңестіруге тек қана оқытудың заманауи әдістемелерін қолданып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Осыған орай Bilim Book арнайы құрылғысын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, ал компьютер девайсының өндірісі аталған саладағы әлемдік көшбасшылар Lenovo  мен Dell компаниялары арқылы жүзеге асырылады. Барлық бағдарламалық қамтамасыз етумен Microsoft компаниясы айналысады.

Америкалық іскерлік және сарапшылар орталарының өкілдері Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстанды тұрақты экономикалық өсіммен және жаңғыртумен қамтамасыз ету жөніндегі, сонымен қатар еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мен әртараптандыру туралы саясатын жоғары бағалады.

«Қазақстан әлемдік сын-тегеуріндер мен күрделі мәселелер алдында ешқашан шегіншектемеген. Ел басшылығы дұрыс бағытты ұстанған», - деді Халықаралық өзара түсінушілік жөніндегі Бизнес-Кеңестің бас директоры Питер Тичански.

«Инвесторлар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстанның үшінші жаңғыруы, 5 институционалдық реформа, «100 нақты қадам» Жоспарына аса бір жігермен қарауда», - деді «American International Group» сақтандыру корпорациясының бас директоры Ашок Парамесваран.

«Қазақстан үлкен реформалар жүргізуде. Бұл жаңа шынайылықтағы дұрыс шешім», - деді танымал экономист А. Лаффер.

Өз кезегінде, Нью-Йорк қаласының экс-мэрі Р. Джулиани еліміздің геосаяси орналасқан жерін ескере отырып, Қазақстанның АҚШ үшін үлкен маңызға ие екенін айтты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи