7 қыз тәрбиелеп отырған ата-анаға тағдыр күтпеген тосын сый жасады

/uploads/thumbnail/20170710032302842_small.jpg

Көпбалалы Оспановтар әулеті жақында тағы бір жанмен толықты. Өмірге көптен күткен шекесі торсықтай ұл келді. Аталарының қалауы бойынша ұлдың есімін Нұртілеу деп қойды. Бақытты отбасы жайында eKaraganda порталының тілшісі біліп қайтты.

Зәмзәгүл Мамалинова мен Думан Оспанов 7 қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар. Қыздарының үлкені 26 жаста, ал кішісі 2-де. Думан «Қарағанды Суда» шебер.

«Алтын алқа» иегері атанған 42 жастағы әйел тұрмысқа шығарда көп балалы отбасы атанармыз деп ойламаған. Олар әу баста ұл болғанын қалайды, алайда 25 жыл бойы тағдыр отбасына қыз сыйлап келген. Ана алғашқы қызын босанғанда 18 жаста болған. Екі жылдан кейін екінші қызын босанды, сөйтіп араға жылдар салып тағы да өмірге тек қыз бала келіп жүрді.

Көпбалалы ата-ана қыздары үшін қолдарынан келгенінің бәрін істеді. Жақсы тәрбие берді, Жоғарғы оқу орындарында оқытты. Балаларының болашағы үшін бар күштерін жұмсады.

Бүгінде есейген екі қызы өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жүр. Қалған қыздары университет пен мектеп қабырғаларында білім алуда. Қыздары өнерден де кенде емес. Бірі би билесе, бірі ән айтады, енді бірі домбырамен күй шертеді.

Ана алдындағы міндеттерді орындаумен қатар Зәмзәгүл екі оқу орнын бітірген (филолог және заңгер), бүгінде 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Енді, міне, ұйып отрыған отбасы кезекті қуаныштарымен бөлісті. Отбасында ұл пайда болғанына ата-ана ерекше қуанышты.

«Бұл күйеуім екеуіміздің үлкен арманымыз. Біз нағыз қазақ отбасымыз» дейді Зәмзәгүл.

Қазір Оспановтар әулеті үш бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Баспанаға кезекте тұрғанына 10 жылдан асқан. Бұрындары өз үйлерінде тұрған екен, алайда кейбір жағдайларға байланысты сатуға мәжбүр болған. Бүгінде туыстарының пәтерін жалдап тұрып жатыр.

Қандай жағдай болмасын, ерлі-зайыптылар кездескен әр қиындыққа төзіп келген. Қыздарын қатарынан қалдырмай, жетілдірген. Ол үшін қыздары ата-анасына дән риза.

«Қандай жағдай болмасын бір-бірімізді тастап кетпейтінімізге сендім. Балаларымыздың бойына тек жақсылықты дарыттық. Бір-біріне бауырмал болсын, үлкенді құрметтеп, өз халқының рухани құндылықтарын сақтасын деп өсірдік» дейді көпбалалы ана. 

Связанные Статьи