Алматыда автобус кондукторы егде жастағы балдақ сүйенген мүгедек жанды автобустан сүйреп далаға шығарып жіберді.
Видеодан кондуктор әйелдің мүгедек адамды жұлқылап шығарып, итеріп тастағаны анық көрінеді.
Видео инстаграм желісінде ztb_video тобына жарияланды. Ztb_video тобының жариялауы бойынша оқиға №34 автобуста орын алған. Желі қолданушылары қоғамдық көлік кондукторын жазалау керек, ешкімнің мүгедек жандарға қатыгездік жасауға құқығы жоқ екенін айтуда.